Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.06.2015

Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында «Кәсіпкерелер күні» шеңберінде кеңес отырысы өтті


Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Ермек Бейсеуовтың төрағалығымен «Кәсіпкерелер күні» шеңберінде кеңес отырысы болып өтті.

Кеңес жиынына ПАӘ Президум мүшесі, Қазақстан кәсіпкерлер форумы атқарушы директоры - Мунавара Палташева; Алматы кәсіпкерлер Ассоцияциясының атқарушы директоры - Сания Палтушева; Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасы филиалы директоры - Қанат Кенжалиев; "Секрет-Сервис" кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы директоры - Владимир Ермаков; Алмалы ауданы мемлекеттік кіріс басқарма жетекшісі - Арслан Әбенов және ауданның, қаламыздың кәсіпкерлері қатысты.

Жиын барысында Алмалы ауданы кәсіпкерлер жұмысын жақсарту бойынша сұрақтар көтеріліп, талқыланды.

Жиналғандар алдына "Кәсіпкерлік жағдайы және кәсіпкерлік заңнамаларындағы өзгерістер туралы" тақырыбында "Секрет-Сервис" кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы директоры Владимир Ермаков баяндама оқыды.

Өз кезегінде Алмалы ауданы әкімнің орынбасары Ермек Бейсеуов еліміздің экономикасының басты көрсеткіштерінің бірі бюджетке түсетін салық төлеуші кәсіпкерлердің тұрақты қызмет жасауы деп атап өтті.

Ағымдағы жылдың басынан Алмалы ауданы бойынша ауданның кіші және ірі инвесторлардың негізгі қаржылық қорынан 23 млрд. 249 млн. теңге инвестиция игерілді. Ол осы жылғы мерзімге сәйкес 123.7% құрайды.

26.06.2015