Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.01.2017

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Денсаулық» спартакиадасы өз мәресіне жетті


Үш күнге созылған спартакиада өте тартысты өтті. Естеріңзге сала кетсек, биыл 68-рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасына университеттің ғылыми педагогикалық құрамы мен қызметкерлері қатысып, бар ынта-жігерін ортаға салып, керемет ойын көрсеткен болатын. Еліміздегі дене шынықтыру мен спортты дамытуға арналған бағдарламасын іске асыру, дене тәрбиесінен өтетін күнделікті жаттығуларға қызметкерлерді тарту, қызметкерлерді салауатты өмір салтына ынталандыру, спорт пен бұқаралық іс-шараларды ұжымда насихаттау – спартакиаданың негізгі мақсаты болса, Қыздар университеті сол үдеден шыға білді.



Тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент директоры Ә. Несіпбаев: «Міне, баршаңызды спартакиаданың сәтті өтуімен құттықтаймын. Негізгі тілек – жеңіс емес, қатысу деген қағиданы ескерсек, ең әуелі барша спорт сүйер қауымға алғысымызды білдіреміз. Қатып қалған қалыптан шығып, денсаулыққа зияны мол электронды техникадан бір сәтке сергіп, дене шынықтырып, спортпен айналысқан әркімге пайдалы екені айтпаса да түсінікті» – деп, барша спортшыларды құттықтай отырып, марапаттады.



«Денсаулық» спартакиадасына Жаратылыстану, Әлеуметтік-гуманитарлық, Қазақ филологиясы және әлем тілдері, Өнер және мәдениет, Педагогика және психология, Физика-математика факультеттері мен әкімшілік, шаруашылық, ғылыми кітапхана қатысқан еді. Сайыста бес ойын түрі: волейбол, арқан тарту, шахмат, үстел теннисі және тоғызқұмалақ ойыны болды. Жарыс жекелей және командалық түрде, сондай-ақ, ерлер мен әйелдер арасында өткен-ді.



Жарыстың кез келгенінде қатысушының бірінің бабы күшті болса, бірінің бағы жанатыны анық. Дегенмен, сайыстың аты сайыс. Ұтқаны мен ұтылатыны болу – заңдылық. Арқан тарту ойынан бірінші орынды физика-математика факультеті алса, екінші орын шаруашылық бөлімге тиеселі болды. Үшінші орынды қазақ филологиясы мен әлем тілдері факультеті алды. Тоғызқұмалақ, үстел теннисі және шахмат ойыны ерлер мен әйелдер арасында өтіп, әркім өз біліктілігін көрсете алды. Командалық волейбол ойынында ұжым барлық күшті ортаға салды. Осы аталған ойын түрлерінің бәрінен басым шығып, ең үлкен ұпай жинаған – Физика-математика факультеті болып, бірінші орынды иеленіп, кубокты ұтып алды. Ал, екінші жүлделі орынды университеттің Шаруашылық бөлімінің сайдың тасындай жігіттері қанжығасына байлады.



Үшінші орынға Қазақ филологиясы және әлем тілдері табан тіреді. Сондай-ақ, бұл спартакиада үш жекелей аталым болды. «Жеңіске деген жігері үшін» деген аталымды Ғылыми кітапхана иеленсе, «Спартакиада аруы» Әкімшілік бөлімінен Айжан Текетбаева болса, «Спартакиада сұлтаны» Өнер және мәдениет факультетінің оқытушысы Мерхат Жунусов болды.
Осылай 68-рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы жоғары деңгейде өтіп, спорт сүйер қауымның делебесін қоздырып, жұртшылықты бір сілкінтіп тастады.


26.01.2017