Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.01.2018

«Нұр Отан» партиясының Алмалы аудандық филиалының Саяси кеңесі және аудан активінің кеңейтілген отырысы өтті


Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залындааудан әкімі Жасұлан Естеновтың төрағалығық өтуімен  аудан активі  мен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының Саяси кеңесі бюросының мүшелерімен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау кеңесі өтті.



Жиынды «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының төрағасы Естенов Жасұлан Токқожайұлы ашып, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері»  көрсетілген мәселелердің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.





Сондай-ақ, Алматы қаласының мәслихатында «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының мүшесі, Алматы қаласының қоғамдық кеңесі төрағасы, «Таран» университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы Алшанов Рахман Альшанович; «Айгүл Лайн» ЖШС директоры Жансерікова Айгүл Жексенбайқызы; «Денсаулық 8» бастауыш партия ұйымының төрағасы, №8 қалалық емхана бас дәрігері Әбибаева Фарида Әубәкірқызы; Қазақ-Британ Техникалық Университетінің проректоры Умаров Тимур Фаридұлы баяндама жасады.


«Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына қойылған күн тәртібіне қойылған «Төртіншіөнеркәсіптік революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» атты жолдауды талқылаған Алмалы филиалының Саяси кеңесі ҚАУЛЫ етті:
1.Ауданда ақпараттық-насихаттық жұмыстардың барлық түрлерін кеңінен талқылап, аудандық ұйымдардың, сайланған партиялар мен идеологиялық белсенділердің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» атты Жолдауын әрі қарай талқылау және іске асыру;
2.Қазақстандағы экономикалық, әлеуметтік және саяси тұрақтылық, азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісім туралы, еңбек ұжымдарында және тұрғылықты жерінде кеңінен тарату және түсіндіруге бағытталған идеологиялық және қоғамдық-саяси жұмысты күшейту;



3.Партияның қалалық филиалына, қалалық жоспарға сәйкес, Ұйымның, аудандық филиалдың, бастауыш партия ұйымдарының жаңа жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс жоспарларына қажетті өзгертулер енгізу;
Аталған Қаулының орындалуына бақылау жүргізтуді  «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының Саяси кеңесіне жүктеледі.


26.01.2018