Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2018

Алмалы ауданында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар өтті


Көктемнің алғашқы мерекесі Наурыз мейрамына қарай салтанатты түрде неке қию рәсімі және сонымен қатар баланың туу туралы куәлігін салтанатты түрде тапсыру рәсімі  өткізілді.
Әрбір адамның өмірінде ұмытылмайтын, мәңгілік есте қалатын ерекше күндері болады. Сол күндердің бірі неке қиюды мемлекеттік тіркеу күні болып табылады.



Неке (ерлі-зайыптылық) – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын отбасын құру мақсатымен, ҚР-ның заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі бойынша жасалған ері пен зайыбының арасындағы тең құқықтық одақ.



Алмалы ауданы АХАТ бөлімінде жас жұбайлардың өтініш берулері мен некеге тұруларына жақсы жағдай жасалған. Неке (ерлі-зайыптылық) жастардың қалаулары бойынша салтанат залында жүргізіледі. Біздің елімізде 100-ден аса ұлт өкілдері бейбіт және тату-тәтті өмір сүруде.



Біздің АХАТ бөлімінде некесін қидырғылары келетін барлық азаматтарды әрқашанда көруге қуаныштымыз.


26.03.2018