Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

«Наурыз Challenge» аясында депутат қайырымдылық түскі ас ұйымдастырды


Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы қаласы мәслихатының депутаты,  «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының Саяси Кеңес мүшесі Артур Котенев мүмкіндігі шектеулі жандарға мерекелік дастархан ұйымдастырды. 
Түскі асқа «Алмалы ауданының мүгедектер қоғамы» жергілікті қоғамдық бірлестігінің өкілдері шақырылды. Сонымен қатар, партиялықтар арнайы бағдарламалы концерт ұйымдастырып, қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.  





-«Қазіргі таңда «Nur Otan» партиясының бастамасымен Алматы қаласы бойынша «Бақытты отбасы – Алматы» атты Қоғамдық қор құрылып, белсенді қызмет атқаруда. Мысалы, мереке қарсаңында көпбалалы аналарға қаржылай көмек көрсетіліп, көптеген отбасы азық-түлік, киіммен қамтамасыз етілді» - деп айтып кетті Артур Котенев.
Тағы бір айтып өтерлік жайт, осы уақытқа дейін «Nur Otan» партиясының «Наурыз Challenge» жобасы аясында 300-ден аса  Ұлы Отан соғысы ардагерлері және  600-ден астам көпбалалы аналарға атаулы көмек көрсетілді. 


26.03.2019