Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.04.2017

Алмалы ауданында «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз» атты халықтар достығының қалалық фестивалі өтті


Алмалы ауданындағы «№2 оқушылар үйі» МҚКК қалалық мектепке дейінгі мекемелер арасында 2015-2018 жж. Алматы қ. Білім басқармасы шарасының жоспарына сәйкес тәрбиелеудің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру бойынша «Қазақстан-біздің ортақ үйіміз» халықтар достығының қалалық фестивалі өткізілді.



Фестивальға Алматы қаласының түрлі аудандарынан 750 бала, атап айтқанда: №1 ММ Алатау ауданы, №2 ММ Алмалы ауданы, №3 ММ Бостандық ауданы, №4 ММ Алмалы ауданы, №6 ММ Түрксіб ауданы, №7 ММ Түрксіб ауданы, №8 ММ Әуезов ауданы; №9 ММ Жетісу ауданы; Жас натуралистер станциясы.



Фестиваль басталар алдында сахнада педагог, ҚР Білім беру үздігі, ҚР мәдениет қайраткері С.Б. Затуринскийдің жетекшілік етуімен Халықаралық байқауының бірнеше мәрте жүлдегері «Дивертисмент» скрипкашылар ансамблінің орындауымен қазақ әндері тақырыбында музыка, поппури ойнады. Фестиваль бағдарламасының өзі қазақ және орыс тілдерінде өтті. 
Құттықтау сөзді Алматы қ. Қазақстан халықтары ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Ирныхас» Қалалық осетиндік этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Қазбек Мамсуров сөйледі.



«Қазақстан-біздің ортақ үйіміз» халықтар достығының қалалық фестивалі тәрбиеленушілерде азаматшылық пен патриотизмді қалыптастыру; Қазақстан Республикасының аумағында тұратын халықтардың ұлттық-мәдени дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу; Қазақстан Республикасыынң көпұлтты халқының көпғасырлық ұлттық-көркем, дәстүрлі өнеріне бейімдеу арқылы тәрбиеленушілердің рухани мәдениетін қалыптастыру мақсат пен міндет етіп қойды. 



Фестиваль үш кезеңнен тұрды: Оқушылар үйінің балалары белсенді қатысқан сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесі мен Жас натуралистер станциясы. Шығармашылық байқауға қаысушылар Қазақстан аумағында тұратын ұлттардың вокалдық, музыкалық және хореографиялық туындыларын ұсынды. 



Үздік ұлттық тағам байқауы. Байқауға қатысушыларды кәсіби және құзыретті қазылар бағалады: Төраға – Мамсуров Қазбек Владимирович – Алматы қ. Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Ирныхас» Қалалық осетиндік этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі; Алматы қ. Білім басқармасы рухани-адамгершілік тәрбиелеу мен өзін-өзі тану бөлімінің жетекшісі Нұргүл Тау; Алмалы ауданы әкімі аппараты мәдениет пен тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мамедова Ләззат Тынышбайқызы; педагогика ғылымдарының кандидаты, Қыздар педагогикалық университетінің жоғары санатты оқытушысы Кац Михаил Григорьевич; Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Хайруддин Қадыржан Бекежанұлы.  



Фестиваль соңында жеңімпаздар мен қатысушыларға құнды сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды. Жүлделі орындарды иеленгендер: 
- Бас жүлде – №2 Оқушылар сарайы (Алмалы ауданы)  
- I орын –   №3 Оқушылар сарайы
- II орын -   №7 Оқушылар сарайы
- III орын –  №6 Оқушылар сарайы, №8 Оқушылар сарайы


26.04.2017