Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.04.2018

Алмалы ауданында Чернобыль АЭС-да орын алған апатты жоюшыларға арналған ескерткішке гүл қою рәсімі өтті


Ахмет Байтұрсынұлы атындағы саябақта Чернобыль АЭС-да орын алған апаттың 32 жылдығына орай гүл қою рәсімі өтті. 





Салтанатты шараға Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова, Чернобыль және жергілікті қақтығыстар одағының төрағасы Рахым-қажы Абдыкаримов, Ресей Федерациясы Алматы қалалық Консулдығының консулы Ирина Переверзева, Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті, Наурызбай ауданы әкімі аппаратының өкілдері және Алмалы ауданы жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері қатысты. 





Гүл қою рәсімінен кейін апаттың салдарын жоюға қатысқан азаматтардың құрметіне бір минуттық үнсіздік жарияланды. Чернобыль АЭС-тегі апат 1986 жылдың 26 сәуірінде орын алды. Апаттың салдарын жоюға жалпы 600 мыңнан астам адам қатысты. Оның 23 мыңы қазақстандық болса, 5 мыңға жуығы Алматы қаласынан барды. 



Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Рахым-қажы Абдыкаримов ерлік көрсеткен азаматтарды әрдайым есте сақтау керектігін айтып, жастарды өз отанын, елін сүюге шақырды. 





Атом электр станциясындағы апат әлемдегі атом энергетика саласындағы ең ірісі болды. Ол Украина және Беларусь елдерінің территориясындағы отыз шықырымдық жерді жарамсыз жасап тастады.  




26.04.2018