Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.07.2017

Алмалы ауданында «Рухани жаңғыру» тақырыбына байланысты дөңгелек үстел өтті


Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының Алмалы ауданы бөлімінде бөлім басшысы Ералиева Гүлмираның төреағалығымен және бөлімнің бас мамандарының қатысуымен «Рухани жаңғыру» тақырыбына байланысты дөңгелек үстел өтті.



Бас маман Амиля Мырзабаева 2017 жылы 12 сәуірде жарыққа шыққан Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша баяндама оқыды және ол тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап көрсетті: бәсекелікке қабілет; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау; білімнің салтанат құруы; Қазақстанның революциялық  емес, эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы туралы айтты. Ол біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап ететіні туралы айтты:
-қазақ тілін біртіндеп латын әрпіне көшіру; 
-«Туған жер» бағдарламасы – кіші  отанға сүйіспеншілік туралы; 
-«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз, олар қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар болады;
-«Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» (Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы) ортақ қасиетті жерлері туралы;
-«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», біздін Қазақстанның мәдени жетістіктерімізді  әлемге таныту үшін;
-Осы тез өткен жылдарда табысқа жеткен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынуға «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арналған.
Осымен қатар, А. Мырзабаева «Рухани жаңғыру» атты бағдарламаны Алматы қаласында жүзеге асыру үшін әкімдіктің жасаған жоспары туралы айтты. Барлық жиналғандар осы кездесудің нәтижесі бәрімізге пайдалы болғаны жөнінде пікірлерін білдірді. 


26.07.2017