Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.09.2018

Алмалы ауданындағы «Төле би» мешітінде акция өтті


«Төле би» мешітінде Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Зайырлы мемлекет және дін» атты акция форматында мешіт жамағатымен кездесу өтті.





Кездесуге теолог, дін танушы және заңгерлерден құралған ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысып, Қазақстан Республикасының дін саласындағы саясатын түсіндірді. Философия ғылымдарының кандидаты, доцент Бейсенов Бағдат пен ислам танушы-теолог Бердімұрат Бекболат секілді дін саласының мамандары мешітке келуші жамағатттың бірқатар сұрақтарына жауап беріп, ақыл-кеңестерімен бөлісті.



Акцияның негізгі мақсаты дінді ұстанушы азаматтарға Қазақстан Республикасының зайырлылық принциптерін, толеранттылық қағидасының мәнін түсіндіру болды.



Сонымен қатар, деструктивті діни ағымдардан сақ болуға шақыратын, қысқаша ақпарат қамтылған үнпарақтар мешітке келушілерге таратылды. 


26.09.2018