Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.10.2016

Алмалы ауданында Қоғамдық келісім Кеңесінің отырысы өтті


Алмалы ауданы әкімі аппаратында Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанованың төрағалымен Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті. 



Кеңеске Қазақстан халқы Ассамблеясының Алматы қаласы бойынша хатшылығының жетекшісі Маргарита Абдалиева, Алматы қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Любовь Ни, Алматы қаласы Мәслихатының депутаты, Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Нүрия Ниязова, аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Құсман Шалабаев және аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері (аудандағы ұлттық-мәдени орталықтар, жергілікті өзін-өзі басқару комитеті, ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдық бірлестіктер мен оқу орындардың өкілдері) қатысты. 
Шара барысында әкімнің орынбасары А.Бекжанова Ел Тәуелсіздігінің 25-жылдығы, Алматы қаласының 1000 жылдығы, Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығымен қатысушыларды құттықтады. 
Сондай-ақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей: «Біз қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуде өз моделімізді жүзеге асырдық». Қазіргі таңда еліміз достық пен келісім салтанат құрған киелі мекен ретінде әлемдік қауымдастыққа үлгі болып отыр – деп атап өтті. Аудандық Кеңестің төрағасы Қ. Шалабаев ауданда Қоғамдық келісім Кеңесінің аясында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып өтті. Кеңес мүшелері өз ұсыныстарымен бөлісті. 


26.10.2016