Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.10.2016

Алмалы ауданының мектеп директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарларының аудандық семинары


Алмалы ауданындағы  № 167  жалпы білім беретін мектебінде мектеп директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарларының аудандық   семинары болды. Семинарға  Алмалы ауданы Білім бөлімінің бас маманы Асем Жандарбекқызы және мектептің ата-аналар ұжымы атынан 10 а сыныбының ата-анасы  Бакирова Жанат  қатысты.  



Семинар  «Мектептегі өзін-өзі басқару  ұйымының оқу-тәрбие үрдісіне ықпалы» тақырыбында өтті.    Семинар оқушылардың «Болашақ» өзін-өзі  басқару ұйымының қызметімен таныстыру және оның оқу-тәрбие үрдісіне тигізетін ықпалын  ашып көрсету, тәрбие жұмысы бойынша мектептермен тәжірибе алмасу  мақсатында өткізілді.  



Семинарды мектеп директоры Ботаккөз Әбенқызы Әбеубекова ашып, мектептің игі істерін таныстырып өтті. Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары  Намазбаева  Нұрсұлу Анарбайқызы сөз тізгінін алып, мектептегі тәрбие жұмысын жандандыру арқылы бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуде атқарылған жұмыстарға тізбектей тоқталды. Сондай-ақ,  мектептің аға тәлімгері  Жұматаева Гүлзада «Болашақ»  өзін-өзі басқару ұйымының мақсат, міндеттерін, атқарған жұмыстарына жан-жақты тоқтала келе «Болашақ»  ұйымы  атынан ай сайын мектепте шығатын оқушылардың шығармашылығына арналған «Болашақ»  газетімен таныстырып өтіп, оқушылар ұйымына сөз кезегін берді.



Мектептің оқушылар ұйымы өздерінің бір күндік  жұмыс барысымен таныстырды. Оқушылар ұйымының  президенті кеңесінде  әр министрлік өздері атқарған жұмыстарына  нақты тапсырмалар алып қайтты. Әрбір министрлік өздерінің атқарған жұмыстарын нақты істерімен  қонақтарға паш етті және мақсаттарының  мектеп оқушыларын белсенділікке, жақсы оқуға, құқық бұзуға жол бермеуге, мектеп деңгейін жоғары  көтеруге  әрдайым ықпал ететіндерін нық сеніммен айтты. Семинар соңында сөз алған қонақтар оқушылар ұйымының жұмысына көңілі толып, оң баға бере келе рахмет айтты. Сонымен қатар аудан мектептері оқушылар ұйымдарымен кездесулер өткізіп, тәжірибе бөлісуге ұсыныс берді.   
26.10.2016