Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.12.2016

Алмалы ауданында "Дара бала" шағын орталығының тұсауы кесілді


Алмалы ауданы әкімдігінiң қолдауымен бүгінгі күннің жоғарыда аталған ең өзекті мәселелерін басты нысанаға ала отырып, стандартты мемлекеттік бағдарламаға қосымша, мектеп жасына дейінгі балалардың өз ана тілін жетік меңгеруіне, бастауыш рухани ілім көздерінен сусындауына, ғасырлар бойы сақталып келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, халықтық ырым-тыйымдарды ой-бойына сіңіруіне атсалысу мақсатында жас ұрпақ арасында ежелгі және қазіргі замандық ұлттық құндылықтарды насихаттайтын «ДАРА БАЛА» студиясының салтанатты ашылуы болды.



Оқу-тәрбие орталығында мектепке даярлық, қосымша сабақ оқыту, ағылшын тілі, би, дзюдо, көркемсөз, логотерапия т.б үйірмелер бар.



Оқу-тәрбие орталығының ерекшелігі: Балаларды оқыту-баулу барысында Сәкен Болысовтың авторлық құқығындағы «Жеті ойыншық» тауарлық белгісі бойынша дайындалған баланың ойлау қабілетін дамытуға көмектесетін экологиялық таза, сапалы, синтетикалық еріткіші жоқ, токсинсіз эмульсиямен боялған ұлттық нақыштағы ойыншықтар және Санжар Керімбайдың ұлттық этнопедагогика негізінде құрастырылған әдістемелік кітаптары қолданылады.



Балалармен осы салада маманданған тәжірибелі, білікті педагогтар, республикалық көркемсөз шеберлері байқауларының бірнеше дүркін лауреаттары, педагогика ғылымдарының магистрлары, халықаралық байқаулардың лауреаттары жұмыс жүргізеді.


26.12.2016