Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

27.01.2016

Алмалы ауданы мектептерінің 7-8 сынып оқушылары №58 жалпы білім беретін мектебінің спорт залында Алмалы ауданы әкімінің кубогы үшін жарысқа түсті


Аудандағы мектептерден барлығы 50-ге жуық оқушы жиналды. Алмалы ауданы әкімінің аппараты, Алмалы аудандық білім беру бөлімі, «Нұр Отан» партиясының Алмалы ауданы бойынша филиалы, Алматы қ. Ішкі істер департаментінің Есірткіге қарсы күрес басқармасы, Алматы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы,  Алматы қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ, «Ақ ниет» АББ бөлімінің ұлттық медициналық ассоциациясы және тағы басқа ұйымдардың мұрындық болуымен ұйымдастырылған спорттық жарыстың жеңімпаздары кубоктарды иеленіп, командалар естелік сыйлықтармен, аудан әкімінің мақтау қағаздарымен марапатталды. 

Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т.б. жаттығулардан тұрады. Волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып саналады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясын, қабілет-қасиетін қалыптасыруға, жалпы денсаулығына өте жақсы әсер ететін спорттық ойын. 

Спорттық жарыстың қорытындысы бойынша 1-ші орынды №55 жалпы білім беретін мектебі, 2-ші орынды №167 жалпы білім беретін мектебі, 3-ші орынды №34 гимназия мектебі иеленді. 

Н.Ә.Назарбаев: «Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту - мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі» деген болатын. Бұл тұрғыда дене шынықтыру мен спорт саласын дамыту, спорттық шараларды ұйымдастыру, оны бір жүйеге келтіруді көздейтін заңымыз бар екені белгілі. Себебі, Елбасымыз айтқандай, спорт ‒ елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Сондықтан Тәуелсіздіктің 25 жылдық құрметіне осындай денсаулыққа пайдасы зор шараларды өткізу маңызды.


27.01.2016