2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

27.10.2015

«Алматы – оқырман қала» акциясының жабылуына арналған іс-шара болып өтті


Алматы қаласы Мәдениет басқармасы, Алмалы ауданы әкімі аппараты және Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Кітапханашылар Күніне арналған және жастарға  кітап оқуды насихаттау мақсатында «Алматы –оқырман қала» атты акциясының салтанатты жабылуына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырып өткізді.

Аталған шара А.П. Чехов атындағы кітапхананың оқу залында өтті.

Бұл акцияның  басты мақсаты – қаламыздың төл мерекесі аясында жастардың кітап оқуға деген ынта-ықыласы мен қызығушылығын арттыру, сүйіп оқитын шығармалардың авторларымен, баспагерлермен, өнер қайраткерлерімен жүздесуіне мүмкіндік жасау, дарынды жастардың шығармашылығын шыңдау болып табылады.

Аталмыш шараға Қазақстан Жазушылар Одағының ақын-жазушылары, көрнекті өнер қайраткерлері, қала кітапханаларының тұрақты серіктестері мен демеушілері, кітапхана қызметкерлері, баспагерлер, жоғары оқу орындарының ұстаздары мен студенттері қатысты.


27.10.2015