Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

27.01.2017

Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2017 қарсаңында Алмалы ауданында түрлі іс-шаралар өтті


Алмалы ауданындағы жалпы білім беретін мектеп, колледждер мен жоғары оқу орындарының базасында Алмалы ауданы әкімі аппаратының қолдауымен  XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2017 арналған спорттық, мәдени-көпшілік және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.



Осыған орай, А. Шәріпов атындағы №16 жалпы білім беретін мектепте 9-11 сынып оқушылары арасында «Қош келдің, XXVIII қысқы Универсиада!» ұранымен баскетболдан жарыс, «Мен Универсиаданы саламын» суреттер байқауы, 5-11 сыныптарға – мен Универсиада-2017 туралы не білемін деген ашық сабақ және бастауыш сынып оқушылары үшін танымдық сағат, 3-4 сыныптарға «Салют Универсиада!» танымдық сағаты өткізілді. 



Балалар талқылауға, видеослайдтар жасауға, сайыстар мен жарыстарға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, біздің қаламыздың ғана емес, бүкіл Қазақстанның маңызды оқиғасы – «Универсиада-2017»-нің тікелей қатысушысы болуға стадионға келуге ниет білдірді. Мүмкін, қазір бұл балалар жанкүйер болса да,  жақын келешекте биік белестерді бағындырып, барлық қазақстандықтар олардың спорттағы жетістіктерімен мақтанбасына кім кепіл?!   



Ауданда өткізілген барлық шаралардың негізгі  міндеті көптеген тұрғындарды Универсиада-2017 тақырыбы және символдарымен, қатысушы командалармен, XXVIII Бүкіләлемдік қысқы ойынның спорт түрлерімен таныстыру болып табылады.  




27.01.2017