Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

27.01.2018

Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Естеновтің тұрғындармен есептік кездесуі М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникациялар академиясында өтті




М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникациялар академиясында аудан әкімі Жасұлан Естеновтің №5 округ тұрғындарымен есептік кездесуі өтті. Кездесуге  қалалық басқарма басшылары, аудан құрылымдарының  басшылары, «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Найля Ордабаева, аудан әкімінің орынбасарлары, ЖӨӨБК төрағалары және аудан тұрғындары қатысты.



Ауданда 206 ПИК  қызмет көрсететін 1 409 көпқабатты және 3495 жекеменшік жер үйлер орналасқан. Ағымдағы жылы тұрғындардың өз қаражаты есебінен 98 кіре беріс, 17 қасбеті және 3800 ш.м. үйдің шатырлары жөнделді. Жылу энергиясын үнемдеу мақсатында тұрғын үйлерде 559 жалпы жылу есептегіші орнатылған. 



«Қазақстан Республикасының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту 2011-2020» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 457 млн.тенге қаражатқа 31 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өткізілді (шатыр, қасбеті, лифттер, инжинерлік желілер, кіреберістер). 
Ауданның инфрақұрылымын жақсарту мақсатында ұзындығы 12 312 метр сумен қамту және кәріз желілері, 13 277 метр жылу желілері жөндеуден өтті. Жыл басынан 8 406 п.м. иесіз қалған инженерлік желілер қаланың коммуналдық меншігіне өтті.  



88 балалар ойын алаңы мен 37 спорт алаңы орнатылған 93 аула аумағына күрделі жөндеу жүргізіліп, келесі жылға 100 ауланы жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Қазіргі таңда аудан аумағында 23 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 
«Ескі тұрғын үй» бағдарламасы аясында 3 мекен-жай бойынша дайындық жұмыстары жасалуда.  



Төле би көшесінің солтүстік жағы Әуезов көшесінен батысқа қарай, Гоголь көшесінен оңтүстікке және Наурызбай батыр көшесінің батыс жағында жұмысты «Диал Строй» ЖШС жүргізуде, инвестиция көлемі 37,8 млрд.теңге, құрылыс аумағы 57 мың шаршы метр;
Жамбыл-Байзақов көшелерінің қиылысында «ВЕК» ЖШС-і  жерасты паркингі бар жалпы аумағы 27 мың шаршы метрді құрайтын 3 тұрғын үй салу жұмыстарына дайындықты бастады. Инвестиция көлемі 3,3 млрд. теңге.



Шараның ресми бөлімі аяқталғаннан кейін №5 округ тұрғындарын мазалаған сұрақтар бойынша талқылау жүрді. Аудан әкіміне қойылған барлық сұрақтарға толық әрі нақты жауап берілді, сонымен қоса, тұрғындар қозғаған мәселелер аудан басшылығының жеке бақылауына алынды.




27.01.2018