Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

27.02.2018

Алмалы ауданында «Пробация» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде


Ішкі істер органдары және пробация қызметінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп ағымдағы жылдың 19 ақпаны мен 2 наурызы аралығында республика аумағында «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. 



Осыған орай, ағымдағы жылдың Алмалы ауданы әкімі аппараты, Алмалы аудандық пробация қызметі, Алмалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, Алмалы аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың мекен-жайларына барып, жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.



Іс-шара барысында пробация қызметінің есебінде тұрғандарға жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік бағдарламалар жайлы және әлеуметтік көмек көрсету бойынша ақпараттық түсіндірмелі жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, пробация қызметінің есебінде тұрғандарға  Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасына сәйкес жадынамалар таратылды. 
Алмалы ауданының пробация қызметінің есебінде тіргелген 230 адамның барлығы жедел-профилактикалық іс-шарасында қамтылады. 


27.02.2018