Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

27.04.2016

Тіл шебері


Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес және аудан әкімдігінің 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында Алмалы ауданы әкімі аппаратының  ұйымдастыруымен  № 4 оқушылар үйінде   үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тіл шебері» атты 4 кезеңнен тұратын байқау өткізілді.     
1. «Мәдениеттаным» - қазақ халқының салт-дәстүрлері, ділі мен тілі жөніндегі сұрақтарға орыс тілінде жауап беру; 2. «Ұлттаным» - қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары жөнінде сұрақтарға қазақ тілінде жауап беру; 3. «Елтаным» - қазақ елі, оның аймақтары жөніндегі сұрақтарға ағылшын тілінде жауап беру. 4. «Өнертаным» -өз таңдауы бойынша ән айту, көркемсөз оқу, билеу, т.б. өнер көрсету.
Байқау кезінде: білім беру ісінің  үздігі, М.Мақатаев сыйлығының иегері,                                   ҚР өнер қайраткері Гүлшара Есетқызы; білім беру ісінің үздігі «Қазақ тілі» пәні мұғалімі Қыстықбаева Бану Буланбаевна; «Niagara Education» орталығының директоры, ағылшын тілі мұғалімі Ложникова Светлана Викторовна;  алмалы аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Әбілтаева Ақсұңқар Шәмілқызы; «Эстрадамен ән салу» үйірмесінің жетекшісі Кулбаева Гүлсім Тұрсынбекқызы  төрелік етті.
Байқауға қатысушылар үлкен дайындықпен келгенін байқатты.
І – орын  Қыздар педагогикалық университетінің студенті Шымбат Кулпаш,
ІІ- орын Алматы технология  және флористика колледжінің студенті  Абсеметова Гаухар,
ІІІ - орын Туризм және Қонақжайлылық индустриясы  колледжінің студенті 
Хасенова Айнаш  жеңіп алып, қалалық байқауға жолдама алды.

Қазақ тілі-өз тілім, анам тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.

Мемлекеттік тіл- зерделі қазақтың кеудесінен еш уақытта шықпайтын , күн тәртібінен түспейтін тақырып. Тіл біздің  ең қымбат қазынамыз. Тіл көркемдігін,  тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру әр Қазақстан азаматының міндеті.

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Жетер енді, әркімге бір ермейік,
Қазақ болсын құлашты кең сермейік,
Қанға сіңген ана тілін халқым-ай,
Шұбарлауға ешқашан жол бермейік.


27.04.2016