Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

27.04.2018

Алмалы ауданында ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы бойынша құқықтық семинар өткізілді


Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында құқықтық білім беру мектебінің басшысы А. Бекжанованың төрағалығымен мемлекеттік қызметшілердің құқықтық, іскерлік деңгейлерін арттыру, сонымен қатар, жауапкершілік пен қызметтік тәртіпті күшейту барысында аппарат қызметшілеріне арналған ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы бойынша, 2018 жылғы Жоспарға сәйкес құқықтық семинар өткізілді. Баяндамашылар – мемлекеттік-құқықтық бөлімнің бас маманы А. Ануарбек, Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының Алмалы ауданы бойынша аумақтық бөлімінің басшысы С. Сарыбаев.



Құқықтық семинардың мақсаты ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңын түсіндіруге қатысты өзекті мәселелерді жан-жақты талқылау, қазақ тілінің қолданылу деңгейін дамыту, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау.
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы маңызды мемлекеттік бағдарламалардың бірі болып табылады. Бұл туралы Елбасымыз: «Біз қазақ тілін әрі қарай дамыту үшін барлық күшті жұсауымыз керек. Елімізде тұратын өзге ұлт өкілдері ана тілінде білім алуға, еркін сөйлеуге қолайлы жағдай жағдай жасауымыз керек» деген.
Семинар барысында қатысушылардың баяндамашыларға қойған сұрақтарына толық жауап берілді.


27.04.2018