Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.06.2016

Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным


Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа заңдардың негізгі бағыттарын талқылау мақсатында Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Алмалы ауданы әкімінің аппараты басшысы Күлия Қабілмәлікқызы Әбілқақованың төрағалығымен «Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің, аудандық құрылымдық бөлімшелердің өкілдері және аппарат қызмерткерлері қатысты. 



Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің бас маманы Ақтоты Құдайбергенқызы Оспанова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Серік Шафигуллинович Ахмедов, Алмалы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқық бөлімінің басшысы Нұрлан Қайсарұлы Бөжеев, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Майра Рахымғазықызы Қаскенова баяндама жасады.Қатысушылар тақырып төңірегінде өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. 



Дөңгелек үстел жұмысын «Мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен халық тарапынан берілген үлкен сенім мен аса жауапкершілік. Сол сенімге кір келтірмей, ел мүддесі үшін аянбай еңбек етуге тиіспіз. Қазақстанда енгізілген мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісі қоғамның өскелең талабына жауап береді.  Мемлекеттік қызметшілерге үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы терең білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті талап етеді», -  деп қорытындылаған аппарат басшысы Әбілқақова Күлия Қабділмәлікқызы қатысушыларды Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесімен құттықтап, пікірлерін бөліскендері үшін  алғысын білдірді. 
   


28.06.2016