2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

27.06.2017

Алмалы ауданының «Барыс» демалыс орталығы спорттың бұқаралық түрлері бойынша ХІІІ Қалалық спартакиадасының жеңімпазы атанды


Алматы қаласы Орталық мәдениет және демалыс саябағында қаланың демалыс  орталықтары арасында Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен  спорттың бұқаралық түрлері бойынша ХІІІ Қалалық спартакиадасының салтанатты жабылу рәсімі болып өтті. Іс-шара дәстүр бойынша «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» ұранымен өткізілді және Халықаралық есірткі және есірткі саудасымен күрес күніне арналды.  



Аула командалары арасындағы спартакиада бүкіл маусым айы бойы өткізіліп, шағын футбол, стритбол, үстел теннисі, боулинг және тоғызқұмалақ бойынша жарыстар өтті. Бүкіл спорт сайсысына Алматы қаласы демалыс орталықтарынан 1600-дан астам жасөспірім мен жастар қатысты.  



Сайыс қорытындысы бойынша Спартакиаданың жеңімпаз командалары анықталды. Жүлделі үшінші орынды Наурызбай ауданының «Бәйтерек» демалыс орталығы иеленсе, екінші орынды Әуезов ауданының «Жас өрен» демалыс орталығы,  ал 1-ші орынды Алмалы ауданының «Барыс» демалыс орталығы  иеленді. 


27.06.2017