Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

27.07.2017

Алмалы ауданында "Күміс алқа" төсбелгілері табысталды


Халықаралық «Отбасы күніне» орай Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнур Бекжанова Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 9 сәуіріндегі № 232 Жарлығы бойынша Асель Оршубекова, Аслижан Бабаева и Гульжан Бахтиярова «Күміс алқа» төсбелгілерімен наргадтап: «Мен тағы да салауатты қоғамның кепілі болған және болып қала беретін біздің мықты әрі адал отбасыларына алғысымды білдіргім келеді. Шын жүректен cіздерге береке-бірлік, үйлеріңізге жылылық пен жайлылық, зор денсаулық, жарқын болашаққа деген сенім, жақындарыңызға бақыт тілеймін. Барлық армандарыңыз орындала берсін!», - деп жылы-лебіз сөздерімен құттықтады.



Қазіргі уақытта Алмалы ауданында 807 көпбалалы отбасы, 101 «Алтын алқа» иегерлері, 163 «Күміс алқа» иегерлері, 34 адам 1 және 2 дәрежелі «Ата-ана даңқы» құрметті белгісімен наградталғандар, 29 «Ардақты ана» құрметті белгісімен наградталғандар.
1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен 15 мамыр - Халықаралық «Отбасы күні» ретінде бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Бұл отбасының кез-келген мемлекеттің демографиялық саясатымен бірге әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты ықпал ететін қоғамның негізгі іргетасы ретіндегі маңыздылығын көрсетеді. Бұл күн барлық отбасыларына қоғамды нығайтуға, ұрпақты жалғастыруға және бала тәрбиелеуге қосқан үлестері үшін алғыс айтып, ризашылық білдіруге мүмкіндік береді.


27.07.2017