Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

27.08.2019

Кең ауқымды көшпелі мобильді медициналық акция


Алматы қаласында  №8 қалалық емхана кызметкерлерінің қатысуымен денсаулық айлығы аясында «Тұлпар» базарында кең ауқымды көшпелі профилактикалық медициналық тексеру өтті. 



Бұл шараның  басты мақсаты азаматтардың назарын денсаулығының алдын алуға, нығайтуға және сақтауға аудару болды.  Шара барысында азаматтардың медициналық көмекке қол жетімділігі қамтамасыз етілді.  Азаматтарға салауатты өмір салтының маңыздылығы және өз денсаулықтарын сақтау, нығайту үшін жауапкершілік туралы ақпарат беру мақсатында жоспарлы тексеру және кеңес өткізілді. 
Қабылдауды жалпы тәжірбиелік дәрігер, терапевт, педиатр, кардиолог, невропатолог, ЛОР маманы, хирург, гинеколог, туберкулез маманы, психолог, әлеуметтік қызметкерлер, Алматы қаласындағы ЖҚТБ алдын алу және бақылау орталығының және тері-венерологиялық диспансердің мамндары жүргізді.  Өтініш бергендердің бәрі қан қысымын, дене салмағының индексін, бой, салмақ, тамыр қысымынөлшеп, қандағы қант пен холестеринді анықтауға арналған жылдам тесттен, микрореакциядан, флюорографиядан өтті. Сонымен қатар, медициналық қызметкерлерден акцияға қатысушылар «Халық тіркелімі» арқылы медициналық ұйымдарға қосылу мәселелері туралы толық ақпарат алып, мобильді  қосымшамен қалай жұмыс істеу керектігін түсінді. Сондай-ақ, тұрғындар скринингтер туралы және  «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» мәселелері туралы ақпарат алды. Тұлпар базарында тек 261 адам тексерістен өтті. 


27.08.2019