Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

27.11.2018

«Төле би» мешітінің әйелдер жамағаты волейбол жарысынан бірінші орын алды


«Қазақ спорт және туризм Академиясында»  Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы ұйымдастыруымен, «Асыл мұра» бағдарламасы аясында Алматы қаласы мешіттерінің әйелдер жамағаты арасындағы волейбол лигасының финалы өтті.




Алматы қаласы мешіттерінің әйелдер жамағаты қыз-келіншектері өзара сайысқа түсіп, кімнің мықты екендігін анықтады. Жалпы іріктеу барысында 16 команда өз бағын сынап көрді, алайда ақтық финалға тек 4 команда ғана шықты.



Тартысты финал нәтижесі бойынша келесі командалар жүлделі орындарға ие болды:
1-орынды «Төле би» мешітінің командасы;
2-орынды «Райымбек» мешітінің командасы;
3-орынды «Таугүл» мешітінің командасы;
4-орынды «Ақсай» мешітінің командасы алды. 



Аталған сайыс мақсаты мешітке келуші әйелдер жамағатының арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. 



Шара соңында ҚМДБ Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Шоқаев Еркінбек пен Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшы орынбасары Кикимов Нұрлан жеңімпаз командаларды құттықтап, бағалы сыйлықтарды табыстады.


27.11.2018