2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

27.01.2020

Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаевтың тұрғындармен есептік кездесуі Ш. Смаханұлы атындағы №62 жалпы білім беретін мектепте өтті


Ш. Смаханұлы атындағы  № 62 жалпы білім беретін орта мектепте Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаевтың тұрғындармен есептік кездесуі өтті. Кездесуге қалалық басқармалардың, аудан қызметтерінің басшылары, аудан әкімінің орынбасарлары, жергілікті өзін-өзі басқару комитеті төрағалары және аудан тұрғындары қатысты.







Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында Бекқали Нұрғалиұлы тұрғындарды 2019 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі кезеңдері туралы хабардар етті, тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуде атқарылған жұмыстар туралы есеп берді, сондай-ақ 2020 жылға арналған аудан дамуының негізгі басымдықтарын белгіледі. Аудан тұрғындары аудан басшылығына атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, Алмалы ауданын көркейту туралы өз ұсыныстарын айтты. Барлық қойылған сұрақтарға аудан әкімі сауатты және толық жауап берді, сонымен қатар тұрғындар көтерген мәселелер аудан басшылығының жеке бақылауына алынды.







Сонымен қатар, есептік кездесу басталғанға дейін бір сағат бұрын және оны өткізгеннен кейін гимназия холында аудан әкімі мен оның орынбасарларының, аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды, бұл әрбір тұрғынға толғандыратын сұрақ қоюға қосымша мүмкіндік берді.







Кездесу өткен жалпы білім беретін оқу орнының базасында тұрғындардың ұсыныстарын, ескертулері мен пікірлерін жинау үшін арнайы жәшіктер орнатылды.
Келесі кездесу 30 қаңтар сағат 10: 00-де С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің «Concordia» студенттік театрының залында өтеді. (Бөгенбай батыр,151 көшесі, Масанчи көшесінің қиылысы)

27.01.2020