Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.04.2015

Алмалы ауданында «Спорт диабетке қарсы» жастар фестивалі аясында халықтық-ұлттық ойындары өтті


Алмалы ауданында Арбат алаңында Алмалы ауданы әкімшілігі қолдауымен «Спорт диабетке қарсы» жастар фестивалі аясында халықтық-ұлттық ойындар сайысы болып өтті.

Қант диабетіне қарсы әрекет жасау идеясына қолдау көрсеткен жастар халықтық-ұлттық ойындар: арқаннан секіру, ұзындыққа секіру, тұмақ ұру, зіл темір көтеру, арқан тарту және тағы басқа ұлттық спорт түрлерінен жарысты.

Жарыс қызықты да тартымды өтті. Жалпыкомандалық есеп қорытындысы бойынша жеңіс тұғырына келесілер шықты:

1 орын - ҚазМСҚА

2 орын - «Сымбат» дизайн және сән академиясы

3 орын - Алматы медицина колледжі.

Ағымдағы жылдың 28 сәуірде Мега Паркте жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Сәуір айы бойы жастар командасы кіші-футболдан, баскетбол, волейбол, боулинг, тауға өрмелеу, армреслинг, черлидинг тағы басқа спорт түрінен сайысып, ақтық сайыс халықтық-ұлттық ойындар байқауымен аяқталды.

«Спорт диабетке қарсы» жастар фестивальі «Назар аударыңыз диабеттен сақтан» ағартушылық бағдарламасы аясында, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы осы ауруды алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілуде.

Фестивальдың ұйымдастырушылары «ҚР диабет қоры» ҚҚ, бас демеушісі Қазақстандағы «Ново Нордиск» компания өкілдігі.

28.04.2015