Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.07.2015

Алмалы ауданында «Aquastars» жүзу бассейнінде жастар мен балалар арасында жүзуден жарыс өтті


Аталмыш іс-шара Алматы қаласында 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуді қолдау және Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев ұсынған бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 қадам» ұлт Жоспарын түсіндіру аясында өткізілді.

Шараға Алмалы ауданы әкімінің орынбасары А.Бекжанова, № 2 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі директорының орынбасары Т.Нурмаханбетов, жүзу клубының басшысы М.Калачев, Алматы қаласы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының және «Қазақстан Азаматтық Альянсы» ЗТБ өкілдері, жүзу клубының тәрбиеленушілері мен қызметкерлері қатысты. Барлығы 100 адам.

Шараны ұйымдастырушылар: Алмалы ауданы әкімінің аппараты, «Aquastars» жүзу бассейні, Алматы қаласы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, «Қазақстан Азаматтық Альянсы» ЗТБ.

А. Бекжанова алғы сөз сөйлеп, «100 қадамда» «Мәңгілік Ел» идеясының, халықтарды біріктіретін және азаматтық қоғамды жетілдіретін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен мемлекет - үлкен отбасы» жобасының бар екендігін, осы себептен де реформаны жүзеге асыру барлығымыз үшін алдағы жылдардағы нөмері бірінші жалпы ұлттық міндеп болып табылады деп атап кетті және барлық қатысушыларды «100 қадамды» жүзеге асыруға өздерінің барынша үлестерін қосуға үндеді. Осымен бірге, ол Алматыда қысқы Олимпиада ойындарын өткізу - барлық халық үшін ерекше мүмкіндік, халықаралық аренада танылу және спортты дамытуға мүмкіндік екендігін айтып кетті. Сондай-ақ, жарыстың барлық қатысушыларына табыс тіледі.

Т.Нурмаханбетов өз баяндамасында «100 қадам», бұл - мемлекеттік даму мен қоғамдық өмірдің барлық жақтарын реформалауды қамтитын Ұлт Көшбасшысының 100 нақты тапсырмасы деп атап өтті. Әрбірміз маңызды 100 қадамды елімізбен біргее өз жұмысымызда, өзіміздің қоғамдық өмірімізде жүзеге асыруымыз керек. Сонымен қатар, Президенттің стратегиялық құжатын жүзеге асыру, толықтай еліміздің дамуына айрықша серпін беретіндігін қоса айтып өтті.

Жарыс жеңімпаздары құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

28.07.2015