Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.01.2019

Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаевтің тұрғындармен есептік кездесуі М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникациялар академиясында өтті


М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникациялар академиясында аудан әкімі Бекқали Торғаевтің №5 округ тұрғындарымен есептік кездесуі өтті.



Кездесуге  қалалық басқарма басшылары, аудан құрылымдарының  басшылары, «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Әлбисенов, аудан әкімінің орынбасарлары, ЖӨӨБК төрағалары және аудан тұрғындары қатысты.
Жиналғандар алдында ауданның 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп бере отырып, Бекқали Нұрғалиұлы Денсаулық сақтау мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.
Ауданда денсаулық сақтау жүйесінде 9 республикалық, 17 қалалық медициналық мекемелері жұмыс істейді, оның ішінде 9 мекеме амбулаторлық-емханалық көмек көрсетеді. 26 денсаулық сақтау мекемесінде 2281 дәрігер, 5089 орта және кіші медициналық, сонымен қатар 3031 қызметкерлер жұмыс істейді. Аудан емханалары қызмет көрсететін тұрғындар саны – 296 451 адам. 



Елбасының «Цифрлық Қазақстанға» өту бойынша тапсырмасын орындауда Алмалы ауданының барлық медициналық мекемелері компьютерлік техникамен және интернет желісімен, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің қолжетімді   медициналық ақпараттық жүйелерімен қамтамасыз етілді.



Ауданның барлық медициналық мекемелерінде «Электрондық кезек» автоматтандырылған жүйесі енгізілген. DamuMed ақпараттық кешенді медициналық жүйесі (КМАЖ) толық жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта барлық медициналық мекемелер қағазсыз есептік жүйеге ауысып,  100% электрондық денсаулық төлқұжаты қалыптастырылды. Емханаларда емделушілерге цифрлық көмек көрсету постылары орнатылған.  



2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласын дамытудағы «Денсаулық» бағдарламасының аясында халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін кешенді шаралар іске асырылды. ҮЕҰ және медициналық мекемелер мен қалалық ұйымдар бірлесіп салауатты өмір салтын насихаттау бойынша өткізген іс-шаралар 1,9 есеге ұлғайып,  3 330 шара (2017 ж. – 1980) өткізілді, яғни,  112 372 тұрғын қамтылды (58%). 



Денсаулық сақтау саласында атқарылған көптеген жұмыстардың нәтижесінде туберкулезбен ауырғандар саны 12%-ға, ерте неонатальды өлім 40 %-ға, нәрестелер өлімі 2 есеге  төмендеді.
Барлық медициналық мекемелерде инновациялық технологиялар енгізілуде. Диагностиканың заманауи түрлері қолданылып, күрделі оталар жасалуда. Сонымен қатар, шетелдік мамандар шеберлік тәжірибелер жүргізуде. 



Шараның ресми бөлімі аяқталғаннан кейін №5 округ тұрғындарын мазалаған сұрақтар бойынша талқылау жүрді. Аудан әкіміне қойылған барлық сұрақтарға толық әрі нақты жауап берілді, сонымен қоса, тұрғындар қозғаған мәселелер аудан басшылығының жеке бақылауына алынды.


28.01.2019