Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.02.2018

Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінде Жолдауды түсіндіру бойынша кездесу өтті


Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінде Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық топтың мүшесі,  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы А.Теңгебаевпен кездесу өтті. 



Шараға Алмалы ауданының әкімі Ж.Естенов, Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы А.Тынысбеков, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Байханова және департамент қызметкерлері қатысты. 
Кездесу аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы А.Теңгебаев биылғы жолдаудың негізгі міндеттерін, мемлекеттік кіріс қызметінің жоспарларын айтып өтті.



Кейін сөз алған ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Байханова мемлекеттік аппаратты, қызмет көрсетуді дамыту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне тоқталып өтті.  



Шара соңында департамент қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.   




28.02.2018