Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.03.2019

Алмалы ауданында «Nur Otan» съезінде қаралған мәселелер талқыланды


Алматы технологиялық университетінде «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын түсіндіру бойынша профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттердің қатысуымен жиын өткізілді. Жиынның мақсаты – 27 ақпанда Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының 20 жылдығына орай өткізілген съездде қаралған мәселелерді талқылау әрі студенттерге түсіндіру. Шараға Алматы қаласы Алмалы аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Ерлан Альбисенов,   Алмалы ауданы «Nur Otan» партиясы филиалының кеңесшісі Салтанат Ахмеджанова арнайы шақырылды. 



Жиынды Алматы технологиялық университетінің тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Қалтай Батхолдин ашып берді.  Бұдан кейін сөз алған Алмалы ауданы «Nur Otan»  партиясы филиалының кеңесшісі Салтанат Ахмеджанова баяндама жасады. «Жаңа айтылғандай ««Nur Otan» партиясының съезінде Тұңғыш Президент Н.Назарбаев 3 негізгі мәселеге басымдық берді. Енді сол мәселелерді атап айтайын. Съездде балалардың жәрдемақысы, тұрғын үймен қамту, әлеуметтік саланы жаңғырту және басқа да маңызды міндеттер белгіленді.Соның ішінде қолдау және кірістерді арттыру мәселесі бойынша бюджеттік саладағы жалақысы төмен азаматтардың жалақысын арттырудан басталмақ. Яғни, осы саладағы 1 миллионнан астам қызметкерлердің жалақысы 30% -ға дейін артады. Тағы бір шешілген мәселе - күнкөрістің төменгі деңгейі бойынша атаулы көмек көрсету шегін 70 %-ға арттыру арқылы табысы аз отбасыларды қолдау ауқымы ұлғаяды. Көп балалы отбасылардағы әрбір балаға ең төменгі төлем 20 789 теңгені құрайды. Сонымен қатар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелейтін ата-аналарға, қамқоршыларға және отбасыларға (тұлғаларға) берілетін жәрдемақылар 30 пайызға артады», - деп атап көрсетті.



Келесі болып сөз алған съездке қатысқан АТУ Жастар саясаты бөлімінің басшысы Ержан Абдешов қазіргі таңда «Жастар жылына» орай жастарға түрлі мүмкіндік жасалғанын айтып өтті. Оның айтуынша, жастардың кәсіпкерлікке қызығушылығын арттыру мақсатында  «Zhas Project» жобасы бар. Ең ұтқыр идеяларға 1 миллион теңге қайтарымсыз ақша беріледі. Яғни, бизнес ашуға мүмкіндік қарастырылғанын айтқан ол:«Тек әрекет ету керек!» деп жастарға серпін берді.



Жиынды тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Қалтай Батхолдин: «Біздің міндетіміз – алдағы онжылдықта болатын іс-шараларға мұрындық болу, еліміздің озық үлгісін қалыптастыру үшін жұмыс істеуміз керек» деп қорытындылады. Шараға келген студенттер өз ойындағы түрлі сұрақтарға жауап тапты.
28.03.2019