Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.05.2019

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде көркем әдебиеттегі жаңа бағыттар талқыланды


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің студенттеріне белгілі ғалым, аудармашы Аслан Жақсылықов қазақ әдебиетіндегі жаңашыл бағыттар туралы дәріс оқыды.



Жиынды Қыздар университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Сәуле Ержанова ашып, төл әдебиетіміздегі постмодернизм өкілінің көркем әдебиет, аударма салаларындағы еңбектеріне тоқталды.
– Аслан Жәмілұлы еңбек жолын осы қарашаңырақтың Қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушылықтан бастаған. Бүгінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Көркем аударма теориясы және әдеби шығармашылық кафедрасының профессоры болып еңбек етуде. Ғалымның «Көркем әдебиеттегі діни сарындар» атты кітабы, «Образы, мотивы и идеи с религиозной содержательностью в произведениях казахской литературы» монографиясы және «Қазақ әдебиетінің тарихы бойынша практикум», «Аударма теориясы мен практикасы бойынша библиографиялық анықтамалық» атты оқулықтары жарық көрді. Сондай-ақ ол «Сны окаянных» трилогиясының, «Философия всеединства и саморегуляции» зерттеу еңбегі мен бірнеше роман, әңгіме, повесттің авторы, – деп атап өтті Сәуле Ержанова.
Дәріс барысында Аслан Жақсылықов көркем аударма саласының кешегісі мен бүгіні турасында айта келе, аудармашыға қойылар негізгі талаптарды айқындады. Сонымен қатар Әбдіжәміл Нұрпейісов, Герольд Бельгер сияқты қазақ әдебиетінің қабырғалы қаламгерлерінен үйренген өмірлік қағидалармен бөлісті.
– Ғалым соңғы 20 жылда 4-5 ағым пайда болған қазақ әдеби үрдісіндегі бағыттарға қысқаша тоқталып, бүгінде қазақ әдебиетін дүр сілкіндірген жаңа бағыт – постмодернизм туралы мол мәлімет берді. Әдебиетімізге постмодернизммен бірге кірген стиль мен постмодернизмнің төл теориясымен өз шығармалары арқылы таныстырып, аталмыш бағыттың Мағжан ақыннан бастау алғандығын салыстыра зерттей көрсетті. Автордың өз шығармаларының талқылай отырып, зерттеуі бізге өзгеше әсер етті, – дейді Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің 3-курс студенті Нұрай Әміреқұл.


28.05.2019