Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.06.2016

Халықаралық есірткіге қарсы күніне орай Алмалы ауданында шағын-футболдан турнир ұйымдастырылды


Алмалы ауданының демалыс орталықтары Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күнін атап өтті. 11-14 жастағы балалардан құралған «Бәйтерек», «Достық- Динамо», «Халық», «Арсенал», «Жас динамошы», «Қарлығаш», «Жас ұлан» командалары мини-футболдан бақ сынасып, тартысты сайысқа түсті. «Халық» командасы еш жеңіліссіз, аламанның жеңімпазы атанса, екінші орынды «Жас динамошы» командасы иемденді.
  


Ал үшінші орын «Достық Динамо» командасына бұйырды. Одан бөлек сайыс барысында түрлі номинациялар мен сылықтар ойнатылды. «Ең үздік қақпашы», «Ең үздік ойыншы», «Ең үздік бомбардир» сыңды номанациялар жасөспірімдердің біліктілігі мен көрсеткен өнеріне сай бағаланды. Спортттық іс-шара Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен «Ақ ниет» емдеу сауықтыру орталығының, «Арман» демалыс орталықтарының ұйымдастырылуымен, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен бастама алды. Іс-шара «Мега Парк» ойын сауық кешенінің тұсындағы мини футбол алаңында өтті.



Спорттық мерекеге «Нашаға жол жоқ» атты науқанмен Алматы қаласы Ішкі істер басқармасының қызметкерлері, Наркологиялық орталықтың мамандары, және Нашақорлыққа қарсы еріктілер қозғалысы қатысты. 


29.06.2016