Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.06.2018

Алмалы ауданында қарттарға арналған йога сабақтары өткізіледі


«Белсенді ұзақ өмір сүру» бағдарламасы шеңберінде «Мәншүк пен Әлия» саябағында  қарт адамдарға арналған тегін йога сабақтары басталды. 



Йога сабақтары зейнеткерлердің белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен «Гайатри» йога орталығының бірлескен жобасы. Йога жаттығулары дене бітімін жақсартып, бұлшық еттерді күшейтуге көмектеседі. 
«Гайатри» йога орталығы-Қазақстандағы қазіргі заманғы мамандандырылған йога орталықтарының алғашқысы болып табылады, және 15 жылдан бері йоганың барлық түрлері бойынша жұмыс жасап келеді. Сонымен қатар, «Гайатри» йога орталығының жоғары кәсіби деңгейдегі мұғалімдері Алмалы ауданының зейнеткерлеріне  ежелгі үнді тәжірибесіндегі йоганы үйретеді. 



Сабақтар аптаның сәрсенбі мен жұма күндері сағат 7.00-ден бастап 8.00-ге дейін Мәншүк пен Әлия саябағында (Төле би / Панфилов / Абылай хан / Қабанбай батыр көшелерінің қиылыстарында) өтеді. Сабаққа қатысу үшін, сізде йогаға арналған төсеніш болуы керек. Біз егде жастағы адамдарды йогага шақырамыз.
Сонымен қатар, қарттарға арналған тегін йога сабақтары сейсенбі және бейсенбі күндері сағ. 17.00-де, «ATRIUM» (Наурызбай батыр 7б, Райымбек даңғылы қыйылысы) сауда орталығында орналасқан «Classis» спорт клубының «Йога орталығының» базасында өтеді. 
Алдын ала жазылу мен қосымша акпаратты мына телефон номерлері арқылы біле аласыздар: 261-51-20; 272-79-12


28.06.2018