Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.09.2016

ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәмсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментіне өткен дөңгелек үстелдің отырысы ақпарат


Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша басшысы А. Әбілхайыров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменттінің сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының бас мамандары Ж..Юсупова,  Ж..Сейтгабдиева және Алмалы аудандық «Нұр Отан» партиясының өкілі   О.Тұрманов-тың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдардын нормасын түсіндіру, талқылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында дөңгелек үстел өткізілді.



Жиында ҚР Президентінің «2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының, «мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерінің этикалық кодексінің» негізгі тұжырымдамалары талқылынды.



Талқылау барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменттінің өкілі Ж.Юсупова және Ж. Сейтгабдиева, 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңын, 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңын, сонымен қатар 2015 жылғы № 153 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерінің этикалық кодексі» ҚР Заңдарында болған өзгерістер туралы атап өтіп, сыбайлас жемқорлықты алдын алу саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы түсініктеме берді. 



Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменттінің сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының мамандары мемлекеттік қызметтің жаңа моделін және жаңа этикалық кодексі туралы да мәлімет беріп, осы тақырыпқа байланысты видеоролик көрсетті. 
Отырыс қорындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тиімділігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар берілді.


28.09.2016