Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.09.2018

«Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы өтті


«Нұр Отан» партиясы Алмалы  аудандық филиалының конференц залында партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы болып өтті. Отырыстың күн тәртібінде: Алматы қаласы, Алмалы ауданы бойынша  Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жағдайы; Алматы қаласы, Алмалы ауданының денсаулық сақтау ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жағдайы сұрақтары қарастырылды.





Отырыста Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы,  Алмалы ауданы әкімінің жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша үйлестірушісі Құсман Шалабаев, Алматы қаласы,Алмалы ауданының денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Фарида Агибаева,  Алмалы ауданы бойынша Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасыныңэпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Сауле Сүлейменова, «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Әлбисенов және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Қоғамдық кеңес отырысының барысында Алмалы ауданы бойынша Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы және Алмалы аудандық денсаулық сақтау бөлімінің  есептері тыңдалынды.


28.09.2018