Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.10.2016

Алмалы ауданында «Күміс алқа» және «Алтын алқа»төсбелгі табысталды


Отанды сүю – отбасын сүюден басталады! Біздің қоғамымызда отбасы рухани және мәдени дәстүрлерді сақтаушы, әрқашан әртүрлі ұрпақтарды жалғастырушы байланыс болып келген және солай болып қалады. Алмалы ауданының әкімі Естенов Жасұлан Тоққожаұлы Елбасы Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының атынан қоғамның нығаюына қосқан үлесі үшін, ұлттың жалғасуы және балалардың тәрбиесі үшін алғысы мен ризашылығын білдіре отырып Нышанбаева Наргиза Абдурахымқызын «Алтын алқа» медалімен, Исламова Бахытгүл Қожантайқызын, Лосы Рахима Рызмаевнаны және Люхурова Зульфияны «Күміс алқа» медальдерімен марапаттап:



«Мен тағы да салауатты қоғамның кепілі болған және болып қала беретін біздің мықты әрі адал отбасыларына алғысымды білдіргім келеді. Шын жүректен cіздерге береке - бірлік, үйлеріңізге жылылық пен жайлылық, зор денсаулық, жарқын болашаққа деген сенім, жақындарыңызға бақыт тілеймін. Барлық армандарыңыз орындала берсін!», - деп жылы-лебіз сөздерімен құттықтады.



Қазіргі уақытта Алмалы ауданында 706 көпбалалы отбасы, 318 «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері тіркелген. Сонымен қоса ауданда Көп балалы аналарға арналған «Алмалы аудандық көпбалалы отбасылар одағы» өз қызметін көрсетеді.


28.10.2016