Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.11.2017

Алматы қаласында мешіт жамағаттары арасынан мини-футбол бойынша жарыста Алмалы ауданы бас жүлдеге ие болды


«Бағанашыл» спорт-комплексінде дейін жалғасқан Алматы қаласы мешіттерінің жамағаттары арасында 1 жылға созылған мини-футбол бойынша жарыс өз мәресіне жетті. 



Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен басталған бұл шара мешіт қызметкерлері мен жамағаттары арасында барлық спорт түрін дамыту мақсатында құрылған «Асыл мұра» әлеуметтік жобасы аясында өтті. Жыл бойы әр мешіт командалары өзара тартысқа түсіп, жеңген команда финалға жолдама алды. Жалпы саны 2500-ге жуық ойыншы қатысып, 403 команда өз бақтарын сынады.  



Финалда қаланың әр ауданының мешіттерінен 8 команда қатысып, тартысты ойын көрсетті: Алатау ауданынан «Ұлжан» мешіті, Әуезов ауданынан «Ақсай» мешіті, Алмалы ауданынан «Төле би» мешіті, Бостандық ауданынан «Бәйкен» мешіті, Жетісу ауданынан «Әмин» мешіті, Түркісіб ауданынан «Әлмерек» мешіті, Медеу ауданынан «Әл-Хамид» мешіті және Наурызбай ауданыан «Қалқаман» мешіті командалары қатысты. Жарыс басталғаннан командалар  көрермендер мен жанкүйерлерді тамсандырып, тамаша ойын көрсете білді.



Ойын қорытындысы бойынша мықтылардың мықтысы анықталып, келесі командалар жеңіске жетті:
1-орын  - «Төле би» мешіті (Алмалы ауданы)
2-орын -  «Қалқаман» мешіті (Наурызбай ауданынан)
3-орын -  «Әл-Хамид» мешіті (Медеу ауданы)
Бас жүлдеге арнайы марапаттау кубогы мен 1 миллион теңгеге сертификат берілді, ал 2-ші және 3-ші орындарға бағалы сыйлықтар мен марапаттау қағазы берілді. Аталған шара болашақта өз жалғасын табады деп жоспарлануда.


28.11.2017