Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.11.2017

Республикалық «Тіл – парасат» байқауында Алмалы ауданының студенті Ордабекова Лайла үшінші орынды иеленді


Аталмыш байқау республикамыздың 12 өңірінен жиналған 17-22 жас аралығындағы мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге ұлт өкілдері арасында орын алды. Іс-шара жастардың арасында мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту, көпшіліктің қазақ ұлттының мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне ықыласын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.



Қатысушылар жан-жақты тұрғыда бақ сынасты. Олардың өзін-өзі таныстыруы, берілген тақырып бойынша бір-бірімен дилог құра білуі қазылар алқасының назарында болды. Сонымен қатар, берілген тақырыпқа шығарма жазып, жиналған қауымның алдында өз өнерлерін паш етті. Тартысты өткен байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанғандар диплом, Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Тіл парасат» байқауының аудандық және қалалық деңгейлерінде жүйрік атанған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенті Лайла Ордабекова республикалық байқауда жүлделі 3-орынға ие болды.


28.11.2017