Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.12.2016

Global құрылыс компаниясы Универсиада-2017 ойындарының серіктесі және Қазақстанның шаңғы жарысы бойынша әйелдер құрамасының ресми демеушісі атанды


Алматыда 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция және Global құрылыс компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 2006 жылы құрылған Шаңғы жарыстары жөніндегі ұлттық федерацияда тұңғыш рет өз жеке демеушісі пайда болып отыр. Оңтүстік астанадағы ең ірі құрылыс компанияларының бірі болып табылатын Global  шаңғы жарыстары бойынша әйелдер құрамасын қолдау жөнінде шешім қабылдап отыр.



Нұржан Әбілқайыр, «2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция» директорының орынбасары:
«Бизнес өзі пайда көру үшін емес, шын ниетпен іс-шараға деумеушілік көрсетіп отырғаны қуантады. Біздің спортшыларымызға нақты істермен көмектескіміз келеді деген ниетпен бізге бірінші рет келіп отыр. Спортшыларымыз барынша жайлы ортада ойындарға дайындалып, жақсы өнер көрсетуді қалайды. Қаржылық жағынан болсын, жігерлендіру тұрғысынан болсын, біздің көрсеткен қолдауымыз олар үшін аса маңызды».



Мұхит Әзірбаев, Global құрылыс компаниясы бақылау кеңесінің төрағасы:
«Біз жылжымайтын тұрғын үйлерді салатын құрылыс компаниясы ретінде аса маңызды міндетті үнемі шешіп отырамыз, яғни көппәтерлі үйлердің тұрғындары үшін спортты қолжетімді етеміз. Біз дұрыс әрі пайдалы инфрақұрылымы, «ақылды» және сапалы балалар және спорт алаңдары бар жөнді ойластырылған аулаларды саламыз. Өйткені әрбір спортшы өз мансабын сол ауладан бастайды. Универсиада секілді айтулы оқиғаға қолдау көрсетуге қуаныштымыз. Сондай-ақ, біз енді-енді мансабын бастаған жас спортшыларға тікелей қолдау көрсету туралы шешім қабылдадық. Жаңа биіктіктерді бағындырсын деп, біз оларды қолайлы жағдайлармен қамтамасыз еткіміз келеді».
Демеушілікке бөлінген қаржының бір бөлігі қажетті спорттық киім-кешекті (жарыста киетін комбинезондар, жаттығу киімдері), құрал-саймандарды (шаңғы мен бекіткіштің екі түрі) сатып алуға, сондай-ақ, жиындарға және түрлі жарыстарға, соның ішінде республикалық және халықаралық сайыстарға қатысу кезіндегі дайындыққа бағытталды. Қазір әйелдер құрамасында 8 команда мүшесі бар, олар кеше ғана ҚР-ның шаңғы жарыстары бойынша кубогын лайықты деңгейде аяқтады. Атап айтқанда, Анна Шевченко және Ирина Быкова құрама қоржынына үш пән бойынша екі алтын, үш күміс және екі қола медальдерін қосты.
Андрей Невзоров, «Шаңғы жарыстары жөніндегі ұлттық федерация» ҚБ бас хатшысы: «Спортшылардың ойындарға дайындығы қашанда орасан зор күш жұмсауды қажет етеді. Сондай-ақ, бұған айтарлықтай шығындар кетеді. Мәселен, бір кәсіпқой шаңғышының саймандары шамамен 1,7 млн. теңге тұрады. Сөзсіз, бізге мемлекет тарапынан көп көмек көрсетілуде, алайда осындай үлкен компанияның сенім артып, шынайы ниет білдіруі біз үшін үлкен құрмет. Оның үстіне спортшылардың рухы көтеріледі. Бізге сенеді, демек жеңеміз деген сөз».
Александр Батяйкин,  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері: «Біздің қыз-жігіттеріміз шамамен 8 оқу-жаттығу жиынында болып қайтты. Ұлттық команданың қатары жаттығу кезінде тамаша нәтижелерді көрсетіп отырған, келешегінен мол үміт күтуге болатын жас спортшылармен толығуда. Әлем кубогында біз жүлделі орындарды алып келдік. Спортшылар Универсиадаға дайындалуда, ең кем дегенде үш медальді жеңуді үміт етіп отырмыз».
Мұхит Әзірбаев: «Универсиада – бұл Олимпиада ойындарынан кейінгі әлемдік спорттағы ең үлкен оқиға. Біз қазақстандықтар мен алматылықтарды Универсиаданы қолдап, алда келе жатқан жарыстарға, ойындардың ашылу және жабылу салтанаттарына баруға үндейміз. Мұндай мүмкіндік ілуде бір рет қана болады, сондықтан оны өткізіп алмау қажет. Егер біздер, алматылықтар, Универсиада қонақтары, бәріміз жанкүйерлер трибунасын лық толтырып, спортшыларымыздың жігерін қолдап, көтеретін болсақ, олардың жеңіске жетуге деген мүмкіндіктері бірнеше есе жоғары болатыны сөзсіз».
Анықтама:
28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада 2017 жылдың 29 қаңтарынан бастап 8 ақпаны аралығында Алматыда өтеді. Қысқы универсиада бағдарламасына мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, сноуборд, биатлон, шаңғымен жарысу, шайбалы хоккей (әйелдер мен ерлер арасындағы), керлинг, шаңғымен трамлиннен секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру спорты, фристайл секілді 12 спорт түрі кірген. Жарыстарға 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Универсиада өткізілетін уақытта 3 мың ерікті, оның ішінде шетелдік еріктілер атсалысады.Студенттер арасындағы спорт ойындарына 30 мыңға жуық отандық және шетелдік турист келеді деп күтілуде. Сайыстарды әлемнің 80 еліндегі 1 млрд. адам теледидар арқылы тамашаламақ.
****
Global құрылыс компаниясы 2009 жылы негізі қаланған және де Алматы нарығындағы көшбасшы компаниялардың бірі болып табылады. Компания Miras Park, AFD Plaza, «Шахристан», «Алтын Бұлақ», «Кәусар» «Жағалау», «Үш-Төбе», «29 квартал», «Гранд Алатау» (Астана) секілді көптеген табысты жобаларды жүзеге асырған. Бес жыл ішінде компания Алматы мен Астанада 7300-ден аса пәтер салды. Қазіргі таңда «Науаи» және Dostyk Residence тұрғын үй кешендерінің құрылысы белсенді жүргізілуде.


28.12.2016