Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.12.2014

Елбасы атынан ардагерлерді жаңа жылмен құттықтау


Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайынов Ұлы Отан соғысының ардагерлері – Олжабай Темірханов пен Лев Демьяненконың үйіне арнайы барып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толуы қарсаңында Жаңа жылмен құттық­тады.

Бүгінгі күні елімізде 5 мың 115 ҰОС ардагері болса, соның 902-сі – алматылық. Оның ішінде, 177 ардагер – Алмалы ауданының тұрғыны. Ардагерлер арасында асқан ерлігі мен ерен еңбегі ерекше ескеріліп, қайраты мен батылдығы көптеген баспасөз бетінде жарияланып, кітапта жазылған ІІ дүниежүзілік соғыстың қаһар­мандары аз емес. Кеңес одағының Батыры Құдайберген Сұрағановтың да күні кеше Алмалы ауданында тұрғанын жұрт жақсы біледі.

Панфилов көшесінде тұратын ҰОС ардагері Олжабай Темірханов Беларусь майданына қатысып, Варшаваны азат етіп, Белоруссияны жаудан құтқарды. Соғыстан соң, 1948 жылдан бастап еліміздің министрлер кеңесі төрағасының көмекшісі, сондай-ақ, түрлі партиялық-кеңестік органдарда қызмет атқарды.

ҰОС ардагері, Наурызбай батыр көшесінің тұрғыны Лев Демьяненко Воронеж майданына қатысып, Белоруссияны азат етуге атсалысты. 1970 жылдан 18 жыл бойы еліміздің сауда министрінің орынбасары болып қызмет етті. Лев Павловичтің қатысуымен 5 заманға сай нан зауыты, 10 ірі әмбебап дүкен, ондаған азық-түлік өнеркәсібі мен сауда нысанының жобасы жасалып, салынған.



30.12.2014