Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.01.2018

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау Алмалы ауданында өтті


Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының Алмалы аудандық бөлімінде бөлім басшысы Ералиева Гүлмираның төрағалығымен, аудандық бөлімінің мамандарының, халықты жұмыспен қамту Орталығының және әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атаулы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау өтті.



Отырыстың басында Алмалы аудандық бөлімінің басшысы Ералиева Гүлмира Мұратқызы қатысушыларға Елбасының жолдауында көрініс тапқан өзекті мәселелерді атап өтті.
Жиналғандар алдында бас маман Жантөре Ғалиев баяндама оқыды. Ол Президент Жолдауының негізгі ережелері туралы айтты, ол Президент жолдауында көрсетілген бағыттардың мәнін, қойылған негізгі мақсаттарды анықтап түсіндіріп айтты, оларды шешуге арналған 10 міндет туралы кеңірек көрсетіп оқыды.
Президент Жолдауы мемлекет Басшысының өте үлкен келелі бастамаларын одан әрі саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани жаңғыртуды жүйелейді. Аталған он бағытта жүргізілуге тиісті барлық жұмыстар нақты және айқын жазылған. Жолдаудын басты басымдылығы - адам туралы қамқорлық, оның денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарта беру екені туралы өз сөзінде Ғалиев Жантөре осындай ойларын білдірді. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға жиналғандар белсене қатысты. Олар Президентіміздің осы Жолдауы игілікті істерге серпіліс беретін, жаңа табысты экономикаға, сананы жаңғыртуға мейлінше мол мүмкіндік ашатын құнды құжат деген пікірлерін білдірді.


29.01.2018