2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.04.2019

Алмалы ауданында жыл сайынғымектепаралық «Айбын» патриоттық-спартакиадалық жарысының ақтық кезеңі өтті


«Динамо» спорттық кешенінде Алмалы ауданы оқушылары арасында жыл сайынғы  мектепаралық «Айбын» патриоттық-спартакиадалық жарысының ақтық кезеңі өз мәресіне жетіп, үздік атанған мектеп қалалық кезеңге жолдама алды.





Аталмыш іс шарада ауданның 11 мектебі қатысып, түрлі әскери ойын түрлерінен сайысқа түсті. Атап айтсақ әскери сапта ән орындау, автоматпен жорғалау, 1000 метрге жүгіру, автоматты уақытқа бұзып-қайта жинау, газ маскасын берілген уақытта киіп белгілі позицияға жету.





Патриоттық-спартакиадалық жарыстың басты мақсаты балалардың отансүгіштік сезімдерін арттыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, төзімділік және табандылық қасиеттерін арттыруға бағытталды.







Шара барысында Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова, Алматы қаласы Қорғаныс істер департаменті басшысының орынбасары, майор Рахимжанов Рамиль, Ауған соғысының ардагері полковник Қабдолла Бекжанов, Генерал Панфиловтың немересі Айгүл Байқадамова, Алмалы аудандық қорғаныс істер басқармасының басшысы Айдар Мүсірепов алғы сөздерін айтып, Алматы мода және дизайн колледжі мен Алматы флористика және технология колледжі студенттерінің орындауында әскери саптық шеру қойылды.



Әскери спорттық спартакиада нәтижелері бойынша 1-орынды №134 лицей оқушылары жеңіп, қалалық кезеңге жолдама алды. Ал 2-орын №18 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына бұйырды. 3-орынды №79 жалпы білім беретін мектеп оқушылары иеленді. 
Іс-шара соңында барлық қатысушылар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


29.04.2019