Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.05.2017

«Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында спектакль қайырымдылық көрсетілімі өтті


«Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалыАлмалы ауданы әкімінің аппаратымен бірлесе отырып,  «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға арнап, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Махаббат дастаны» атты спектакльдің қайырымдылық көрсетілімі өтті.



«Махаббат дастаны» спектаклі Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың арасындағы махаббат суреттеледі. Екі жастың махаббатына көрсетілген қарсылық, зұлымдық, дүниеқоңыздық махаббат иелерін қайғылы қазаға душар етеді. Сан ғасырлар жырланып келе жатқан махаббат дастаны бұл қойылымында жаңа қырынан баяндалады. Сол дәуірдегі жастардың сүйіп қосылуын арман еткен тілек-мүдделерді қамтиды. Спектакльге келген балалар  көрсетілімнен мол тағылым алып, бозбала мен бойжеткеннің бір-біріне деген сүйіспеншілігін ұғынып үлкен әсер алды. Мағынасы терең, өскелең ұрпаққа зор тәрбие беретін осындай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.


29.05.2017