Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.06.2017

Тастақта жаңа сахна ашылады


2017 жылы 30 маусымда 18:30-дан 22:00 аралығында Дүйсенов/Брусиловский сабағында Тастақ шағын ауданындағы жаңа қоғамдық кеңістіктің ашылуына арналған мерекелік іс-шара өтеді. Көпатқарымды жазғы сахнаның құрылысы «Көршілер театры» мәдени-әлеуметтік жоба аясында жүзеге асырылған. 



«Алматыда аудандар арасындағы мәдени және әлеуметтік бөліну ішкі ғана емес, сыртқы да болып табылады. Көптеген мәдени мекемелер: барлық театрлар, концерттік залдар, шығармашылық галереялар орталықта орналасқан. Орталық емес аудандарға кешке бару қиын, іс-шарадан соң өз ауданыңа қайту тіптен қиын. Сондықтан Тастақтың тұрғындарының театрға сирек баратыны таңғалатын жайт емес. Біз көрші орналасқан театр – адамдар тек қана тамашалауға ғана емес, араласу үшін келетін жанды қатысуға арналған көршілер театрын құрмақшымыз. Аталған сахнаның ерекшелігі ол біздің және жергілікті тұрғынадрдың бірлескен күшін ұсынатындығында. Тастақшылардың қоғамдық кеңістікті әзірлеу мен құрылысына қатысуы – бұл біздің жобамыздың міндетті шарты мен табыстың кепілі: сахна адамдардың меншігіне айналады және олар оған қамқор болады. «Көршілер театры» тұрақта комьюнитиді қалыптастыруға бағытталған. Бұл біздің негізгі мақсатымыздың бірі: Тастақта қауымдастық құру», – дейді «Көршілер театры» идеясы туралы жоба үйлестірушісі Олеся Ноғаева.
«Көршілер театры» жобасы Urban Forum Almaty алаңының Сорос Қазақстан Қорымен әріптестікте ұйымдастырған Алматының орталық емес аудандарын (жырақта орналасқан) дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызды жобалар байқауында жеңіске жетті. «Көршілер театры» мәдени және білім беру бағдарламасын ұйымдастырумен әлеуметтік перфоманс пішінінде жұмыс істейтін «И.Л.И» playback-театры айналысады. 



«И.Л.И» труппасының арт-менеджері Евгения Абкеева жоба туралы өз ойымен былайша бөлісті. «Көршілер театрында» мені жергілікті қауымдастық құру мүмкіндігі идеясы елітіп әкетті. Меніңше, бұл өте керемет. Біз барлығымыз жеке кеңістігіміз бен сенімді қарым-қатынас жасай алатын тату-тәтті көршілердің болғанын қалаймыз.  Егер ондай қауымдастық құра алатын болсақ, ондағы адамдардың өмірі жарқын, қызықты әрі жеңіл бола түспек. Екіншіден, менің пікірімше, «Көршілер театрының» тағы бір еліктірер тұсы – оның мәдени бағдарламасының қанықтылығы мен қарқындылығы. Адамдарға бір жерге барып, алдын ала тіркелудің, ақша төлеудің қажеті жоқ... Қаланың мәдени өміріне араласу үшін аулаңа шығып, шағын ғана жолды қиып өте салу жеткілікті. «Көршілер театрына» апта сайын қызықты адамдар келіп, білімдерімен, машықтарымен, ақпаратпен бөлісіп, шеберлік сағаттарын өткізетін болады. Жазда аудан тұрғындарында өздерін  барынша мәдени тұрғыдан сынап көруге мүмкаіндіктері бар. Қазір балам өмірге келген соң мен барлығы менің ауламда өткенін қалаймын. Сонда маған автобусқа отыруға немесе таксиге тапсырыс беріп, қанша уақытымды жоғалтудың қажеті жоқ. Аулаға шықсам болды – тереземнің алдында мереке! Бұл менің арманым! Жақын уақытта оның іске асырылуы мүмкін емес деп ойлағаныммен, мен Тастақта туып-өстім, біздің жобамыз дәл осы ауданда жүзеге асырылатындығына қуаныштымын».
Сахнаның салтанатты ашылуына жобаның ұйымдастырушылары мен әріптестері, мәдени қайраткерлер, БАҚ өкілдері, Алмалы ауданы әкімдігі мен «Сорос Қазақстан» қорының өкілдері, «Урбан Форум Алматыдан» спикерлер қатысады. 
«Көршілер театры» мәдени-әлеуметтік жобасын «Сорос-Қазақстан» қорының қаржылық қолдауымен «Eco Kultura» қоғамдық қоры іске асырады.  
Іс-шара жоспары
«Көршілер театры» қоғамдық кеңістігінің ашылуы 
30 маусым, жұма, 18.30-22.00
18.30-19.00 сахна
Жобаның ұйымдастырушылары мен әріптестерінің құттықтау сөзі 
-Ноғаева Алеся Kultura ҚҚ, Абкеева Евгения  «И.Л.И.» театры
-Урбан Форум Алматы Әсел Есжанова
-Сорос Казахстан Сәуле Мамаева
-   Алмалы ауданы әкімдігінің өкілі 
- Яна Малиновская «Сади Сады» жобасы, қатысушыларды гүл алмасуға шақыру және Тастақ бау-бақша қоғамын іске қосу  
19.00-20.00 сахна 
-  театра «И.Л.И.» театрынан актерлік ширату 
-Әбікеева Евгениядан «Спорттық театр» интерактивті актерлік ойындар 
19.00-20.00   шеберлік сағаттары аймағы
-Арт шеберлік сағаты
- Алтынай Старковскиден архитектуралық паттерна шеберлік сағаты
«Сади Сады» жобасынан гүл алмасу 
20.00-20.30 сахна
  «И.Л.И.» театры перформансы
20.30-21.00 сахна
Тұрғындармен бүкіл маусым бойы сахнаны оқиғалық толтыру туралы ой-талқы, репертуарды бірлесіп әзірлеу  
21.00-21.30 сахна
Алина Әбілқаламовадан үнді биі перфомансы 
Бүкіл іс-шара барысында барлық қатысушыларды өздері қатысып, интерактивті ойын арқылы театр, ойын, көше фестивалінің ішіне енуге мүмкіндік беретін театрлық мимдер күтіп тұр. Сондай-ақ, қонақтарға арнап фуршет, музыка, қызықты танысулар ұйымдастырылған, бірақ негізгісі бұл әрине, бір-бірімен, Тастақтың тұрғындарымен араласу болып табылады. 
Тастақ тұрғындары мен театр мен өнерге бей-жай қарамайтын барлық жандарды біздің мерекелік шарамызға шақырамыз! 
 
Біздің байланысымыз
«Көршілер театры» әлеуметтік женлілерде
www.facebook.com/neighborstheatre
https://vk.com/neighborstheatre
https://www.instagram.com/neighborstheatre

Алеся Нугаева — жоба үйлестірушісі
+77077008258
dvorproject@gmail.com 
Евгения Абкеева — И.Л.И. плейбэк-театрының арт-менеджері
+77771976665
starzhenya@gmail.com 
Алина Абилкаламова — контент
+77004182565
abilkalam@yandex.ru




29.06.2017