Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.08.2016

Алмалы ауданында Халықаралық деңгейдегі бейсбол турнирі өтті


Қазақстан Республикасының Конституция Күнін тойлау аясында алғаш рет республикада бейсболдан халықаралық деңгейдегі спорттық шара өтті!
Қазақстан мен Қырғызстан командалары арасындағы спорттық сайыс өткен жексенбіде №95 жалпы білім беретін мектеп базасында ұйымдастырылды. Әлеуметтік жобаның ұйымдастырушылары: Алмалы ауданы әкімінің аппараты, Алматы Кіші Бейсбол  Лигасы Қырғыз Республикасынан жас спортшыларды, балалар үйінің тәрбиеленушілерін шақырған. 
Достық кездесу 5:3 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді!

 

1995  жылы Қазақстан Кіші Бейсбол Лигасы құрылған әлемдегі 90-шы мемлекет болды. Қазіргі таңда бейсболды әлемнің 120 мемлекетінде ойнайды. Жобаның  мақсаты жасөспірімдерді бейсбол қозғалысына тарту және қызықтыру. 2005 жылы ХОК 117-ші сессиясында Сингапурда бейсбол олимпиадалық спорт түрінен алынып тасталды. 2016 жылы ХОК комиссиясы бейсбол қайтадан 2020 жылы Олимпиада ойындарының қатарына қосылады деген шешім қабылдады.



Кіші Бейсбол Лигасы жасөспірімдер бейсболы бойынша Олимпиада ойындары мен Еуропа чемпионатына қатысу үшін Қазақстан құрамасын дайындауды көздеп отыр.
Алматы лигасы 20 жылдан бері бар, өз қаражатына Бейсбол Лигасы спорттық алаңды жөндеп, құрылғылар сатып алды және балаларға арналған жаттығу сабақтарын тегін өткізеді. 20 жыл ішінде бейсболшылар командасы Еуропаның үш мәрте қола чемпионы атанды.
Бейсбол Лигасы Қазақстан Республикасында балалар бейсболын дамыту үшін және жасөспірімдерге салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін құрылған. Бейсболға бей-жай қарай алмайтын барша қауымға  allb.kz, сайтында тіркелуге болады, электронды мекен-жай: info@allb.kz
 

29.08.2016