Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.08.2016

Алмалы аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалында аудан әкімі Жасұлан Естенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады


Аудан тұрғындары «Жансая» ПИК-нің төрағасы өз жұмысын дұрыс орындамайтындығына және жасалынып отырған жұмыстарының есебін көрсетпейтінін айтып арызданды. Ж. Естенов мырза ол ПИК жұмысына қатысты мәселелермен толықтай таныс екенін айтып, осы мәселеге қатысты шара қолданатынын жеткізді. 



Сонымен қатар орталық кәріз, жұмысқа орналасу және ПИК басшылылары бойынша арыздарын жеткізген азаматтарды Ж. Естенов толықтай тыңдап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді және шағымдарды өз назарында ұстайтындығын айтты. 



Жеке қабылдау жұмысынан соң,  Ж. Естенов мырза «Апольская» ПИК басшылығына наразы бір топ тұрғындардың арызы бойынша жиынға барды. Тұрғындар ПИК басшылығының заңсыз әрекеттерін айтып шағымданды. Сонымен қатар ауланың және тұрғын-үй маңындағы аллеяның абаттандыру жұмыстары бойынша мәселені қозғап, балаларға шағын футбол алаңын салуға көмектесуін сұрады. Көтерілген мәселе бойынша аудан әкімі толық түсіндірме жұмысын жүргізді. 


29.08.2016