Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.10.2018

Елбасының атты Жолдауын түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық топтың мүшелері Алмалы ауданында бірқатар кездесулер өткізді


Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық топтың мүшелері Алмалы ауданында  бірқатар кездесулер өткізді.
Атап айтқанда, Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Амрин Госман Кәрімұлының қатысуымен кездесу өтті.



Қазақ спорт және туризм академиясында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Жарасбаев Серік Маратұлының қатысуымен Жолдауды түсіндіру шарасы өтті.
«Барыс» базарында «Жастар Үні» жастар ұйымының төрағасы Бабамұратов Дәурен Әбутәліпұлымен кездесу өтті. 



Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің төрағасы Бюрабекова Людмила Витальевнаның қатысуымен кездесу өтті.



Кездесу барысында Елбасының жолдауын түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық топтың мүшелері Жолдаудың негізгі басым бағыттары, яғни әрбір азаматтың әл-ауқаты мен мемлекеттің өмір сапасы туралы толығырақ айтып берді. Сондай-ақ, білім беру, медицина және құқық қорғау жүйесі саласындағы алдағы реформалар туралы айтып өтті.


29.10.2018