Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.11.2018

Халықаралық «Almaty Invest» форумында жарты миллиард доллардың меморандумына қол қойылды


Алматыда жыл сайынғы халықаралық «Almaty Invest» инвестициялық форумы өтті, оған әр елдің 500-ден астам делегаттары қатысты, олардың арасында беделді саясаткерлер, әлемдік және қазақстандық бизнес-жетекшілері, инвестициялық корпорациялардың, қаржы институттары мен халықаралық ұйымдардың басшылары болды.



Инвестициялық мүмкіндіктер мен іскерлік байланыстарды қалыптастырудың тұғырына айналған форумға қатысушыларды құттықтаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек алдағы өткен форумдарда құны 1 млрд. доллар болатын 40-тан астам меморандумдарға қол қойылғанын, оның ішінде 400 млн. долларды құрайтын 12 жобаның жүзеге асқанын атап өтті.
«Алматы – Орта Азиядағы ерекше дамыған мегаполистердің бірі, оның экономикалық ауқымы 35 млрд.доллар. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясаты арқасында мегаполис экономикасы 100 есе өсті. Қала ІЖӨ-нің бес бөлігін, ел салығының тең жартысын береді. Қалаға шетелдік компаниялар инвестициялар бөлуде. 10 жыл ішінде 22,2 млрд. доллардың инвестициясы тартылған, тек биылғы жылдың өзінде ғана инвестиция 21%-ға артты, оның ішінле шетелдік инвестиция 24%-ға өсті», - деді Бауыржан Байбек.
Қазіргі кезде қала экономикасының 86%-ын сауда мен қызмет көрсету саласы құрайды, шағын және орта бизнестің үлесі 40%-дан жоғары, яғни мұнайға еш қатысы жоқ тұрақты экономика қалыптасқан. Қалада Қазақстанның салық төлеуші ірі компанияларының үштен бірі, банктер бас офистерінің 90%-ы, біріккен кәсіпорындар мен ірі халықаралық ұйымдар мекемелерінің 43%-ы орналасқан. Жақында ғана БҰҰ-ның 14 арнайы агенттіктері хабының жаңа ғимараты ашылды.
Алматы әкімі мегаполис өзінің дамуында үздік реформаларды жүзеге асырудың жаһандық үрдісіне және үздік әлемдік тәжірибеге, соның ішінде БҰҰ-ның тұрақты даму Мақсаттарына, ЕЭОҰ-ның стандарттарына сүйенетінін айтты. ПРООН-мен және француздың «Systra» компаниясымен бірге көлік реформасы, америкалық IDC компаниясымен «Smart Almaty» концепциясы жасалды. Қаланың Шеберлік-жоспары канадалық-америкалық HATCH компаниясының қолдауымен атқарылуда.
«Қазіргі кезде Қазақстан халқының 10%-дан астамы Алматыда тұрады, алматылық агломерацияны қоса есептегенде халық саны 3 млн. адамды құрайды. Шетелдік сарапшылар 2035 жылға қарай қала тұрғындарының саны 2 есе өсетінін айтып отыр. Таяудағы 15 жыл ішінде біз жыл сайынғы экономикалық өсімді 5%-дан төмендетпеуге, жоғары қосымша құны және экспорттық әлеуеті бар интеллектуалды секторда 700 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға, еңбек өнімділігін 2 есе арттыруға тиіспіз. Біз орталықтандыру принципі бойынша қала тұрғындарын біртіндеп әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етеміз. Келер жылдың басында қаланы дамытудың Шеберлік-жоспары ашық түрде жарияланады. Қаланың әрбір тұрғыны, бизнес өкілдері онымен жете танысып, өз ұсыныстарын айта алады», - деді қала басшысы.
Бауыржан Байбек өзінің сөзінде қалада перспективалы секторлар мен құрылыс салу аймақтарының анықталғанын айтты. Жер учаскелерін есепке ала отырып Түрксіб, Жетісу, Алатау аудандарында құрылыс салу қолға алынады. Болжам бойынша тағы да 70 шаршы метр тұрғын үй, әлеуметтік және өндірістік офистер, сауда алаңдары салынуы тиіс. Тек биылдың өзінде ғана қалада 2 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй салынады, оның ішінде «7-20-25» бағдарламасы бойынша.
Әрі қарай ол мегаполисті дамытудың негізгі міндеттеріне тоқталды, олар - қала инфрақұрылымын, қоғамдық кеңістікті модернизациялау, көлік реформасын жалғастыру, туризмді дамыту. Мегаполис басшысы форумға қатысушылар мен әлеуетті инвесторларға Алматыда бизнес жүргізудің қаншалықты пайдалы екенін де айтты.
«Алматыда капиталдық және операциялық шығындарды есептей отырып, бизнес жүргізу өте пайдалы. Қала транзитке негізделген принцип бойынша дамуда әрі «инфрақұрылымдағы адамдар» қағидасының ықпалы зор. Дайын көлік және инженерлік инфрақұрылымы бар жер телімдері жеңілдетілген жағдайда ұсынылады», - деді Бауыржан Байбек.
Мысалы, 490 гектарға орналасқан Индустриалды аймақта құны 600 млн. доллар болатын 40-тан астам ірі жоба іске асуда. Қазірдің өзінде мемлекеттік инвестициясының әр теңгесіне жеке инвестицияның 5 теңгесі келуде.
«Инновациялық технологиялар паркі» ашық экономикалық аймақтағы 163 га жерге жоғары технологиялы компаниялар үшін барлық жағдайлар жасалған. Жұмысшы жалдау оңай әрі кедендік және салықтық жеңілдіктер бар. СЭЗ нақтылы машина жасау, медицина және биотехнологияның кластерге айналуы мүмкін.
«Мемлекет басшысының Жолдауын орындау үшін біз «қарапайым заттар экономикасын» дамытудамыз. Мысалы, жыл аяғына дейін скотч пен пленка шығаратын KazTigerTape, газ қазандықтарын жасайтын КЕЛЕТ жобалары, картон мен қағаз шығаратын Интер Мульти Сервис зауыты қолға алынады», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.
Көлік саласында инфрақұрылымдық жобаларға ерекше мән беріледі. Қалада 700 мыңнан астам автомобиль бар, срапшылардың айтуынша көлік кептелісінен Алматы экономикасы күн сайын 600 млн. теңге немесе ІӨӨ-нің 2% -ын жоғалтады екен.



«Сондықтан кешенді көлік реформасы қоғамдық көліктің сапасын арттыруға, экологияны жақсартуға, бизнес шығындарын азайтуға бағытталады», - деп атап өтті мегаполис әкімі.
Соңғы 10 жыл ішінде қалада 30-дан астам жол айрықтары салынды, жақын арада тағы үшеуі іске қосылады, осылайша кіші көлік айналамын қалыптастыру аяқталады.
Бұлардан өзге, МЖӘ принципі бойынша Алматының Үлкен Айналмалы жолының құрылысы басталды. Бұл ауқымды жобаның жалпы құны 1,4 млрд. доллар, ол қаланы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінде көлік торабына айналдырады. Қаланы тәулігіне 40 мың автомобильмен жүктейді. Бұл ірі жоба сервистік компанияларға жақсы инвестициялар әкелуі мүмкін.
Екі теміржол вокзалдарын реконструкциялау басталды. Жеке инвестиция есебінен аэропортты модернизациялау қолға алынады, соның арқасында оның өткізу қабілеті 2,5 есе өсіп, жылына 13 млн. дейін жолаушыға жетеді.
Елімізде алғаш рет BRT желісі іске асты, соның арқасында қоғамдық көліктің жолға кететін уақыты 32%-ға қысқарды. Халықаралық сертифатқа ие әрі электробустардың үшінші буынын шығаратын «Falcon Eurobus» зауыты ашылды.
Көліктегі инвестиция үшін ең ірі жобалар – метро және ЖРК. МЖӘ механизмі бойынша ЕБРР-мен бірге ұзындығы 23 км болатын Жеңіл рельсті көлік жобасы конкурсының бірінші кезеңі аяқталып қалды. Метроның екі жаңа бекетінің іске қосылуы жолаушы ағынын тәулігіне екі есеге арттырып, 86 мың./адамға жеткізеді.
«Біз қала кеңістігін «Қала адамдар үшін» принципі бойынша модернизациялаудамыз. Қаланың тарихи орталығының үштен бірі заманауи стандарттар бойынша жаңарды, тротуарлар мен жасыл желек ұлғайды. Жаңарған көшелерге келетін адамдар саны 40%-ға артып, сауда айналымы 1,5 есе өсті. Бұлардан өзге біз Smart технологияны енгізудеміз. Мемлекетпен байланыстың барлық процедурaлары жеңілдеді. Алматыда бизнесті қағазсыз ашу, есеп-фактураларды, банк операцияларын жүргізу, салықты тапсыру, эскиз жобасын және электрге қосылудың келісімін жасау ғаламтор арқылы жүзеге асады», - деді Бауыржан Байбек.
Қазпоштаның мәліметі бойынша еліміздегі электронды сауданың басым бөлігі Алматыда шоғырланған, жыл сайынғы өсім 55%, интернет-магазиндердегі тауар айналымы 47%, оның 64%-ы қолма-қол ақшасыз жүруде. Big Data құрылған Электронды үкіметті дамыту жөніндегі БҰҰ-ның рейтингі бойынша Алматы 25 орынды иеленген.
Мегаполис әкімі заңнаманы жетілдіру және жаңа технологияны енгізуден өзге жеке инвестицияны тартуда қолайлы қала кеңістігінің, дамыған сервистің, жоғары сапалы адами капиталдың мәні зор екенін атап өтті.
«Біздің табиғатымыз ғажап, дұрыс демалу үшін барлық мүмкіндіктер бар. Биік тау шатқалындағы Медеу әлемге әйгілі, ал Шымбұлақ ТМД-дағы ең үздік тау шаңғысы курорты. Қонақтарға 2 мыңнан астам мейрамханалар, 237 қонақ үйлер, хостелдер, 20 музейлер, 19 театрлар, 14 көрмелер мен галереялар, 128 ОССО қызмет көрсетеді. Алматы қазірдің өзінде өңірлік туризм орталығы, Қазақстанға келген әрбір 2-ші шетелдік турист біздің қалада болады», - деді Бауыржан Байбек.
Қазіргі кезде Алматы агломерациясының тау шоғырларына қатысты шеберлік-жоспары жасалуда. Халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша жоспар жүзеге асса шаңғы трассасы 5,5 есеге артып, 237 км дейін ұзарады, шаңғышы туристердің саны 6 есе ұлғайып, 46 мыңға дейін жетеді, треккинг, хайкинг және басқалары үшін 500 км тау жолы салынады.
Қалада 1000 конференциялар, семинарлар және басқа да бизнес шаралар өтіп тұрады. Іскерлік туризмін дамыту үшін құрылыс алаңы 15 мың шаршы метр болатын конгресс-орталығы бар көрме кешенін салу жоспарлануда.
Жыл сайын 50-ден астам халықаралық спорттық шаралар, джаздан, классикалық және этникалық музыкадан халықаралық фестивальдер өтуде. Мұндай шаралардың басым бөлігі брендке айналып шетелге танымал болуда, мысалы, «Тур Алматы», «Алматы Марафоны», «Star of Asia» халықаралық фестивалі, Алматы кинофестивалі.
Туристер мен инвесторларды тартуда жоғары сапалы медициналық қызметтің мәні артуда. Бәсекеге қабілетті баға барысында туристер біздегі пластикалық қызметке, кардио-, нейро- қан тамырлары хирургиясына, стоматологияға репродуктивті медицинаға қызығушылық білдіруде.
Айта кетерлігі, биылғы форумның басты ерекшелігі оның бағдарламасы кәсіпкерлер мен инвесторлардың ұсынысына негізделді. Бағдарлама былтырғы жылдың 1000 делегаты мен инвесторлар кеңесі мүшелеріне қойылған сауалнама нәтижесі бойынша жасалды.
Форум барысында франчайзинг жобаларының жәрмеңкесі ұйымдастырылды, мұнда кәсіпкерлер «дайын бизнес» форматымен және инновациялық стартаптар көрмесі енген Almaty Innovation Festival жобасымен танысты. Форумның барлық мүшелері үшін Кремен даласынан келген BootUp акселераторының негізін қалаушы Мукул Агарвал мен Mohr Davidow Ventures венчурлі қорының өкілдері инноваторлар мен инвесторлар атынан шеберлік сыныптары өтті.
Форумның қорытындысы бойынша жалпы құны 480 млн. доллар болатын меморандумдарға қол қойылды, олардың ішіне жаңа дәрі-дәрмек зауытын, «Down town Almaty» қаржы, әлеуметтік және бизнес-орталығын салу енген.


29.11.2018