2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.01.2020

Абай жылының ашылуы


Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №4 кітапхана – бөлімшесінде  Ұлы Даланың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы бойынша «Абай – әлемдік деңгейдегі кемеңгер» атты әдеби конференция ұйымдастырылды. Конференция аясында  «Абай – әлемдік ғажайып тұлға» атты кітап көрмесінің салтанатты ашылуы болып, экраннан виртуалды көрме арқылы Ұлы ақынның  ғұмыры мен шығармашылығы туралы құнды ақпараттар берілді.



Сондай-ақ, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернатының дарынды өнерпаздары, кітапхана қызметкерлері мен дарынды оқырмандар  қатысқан «Жүрегіңнің түбіне терең бойла» атты әдеби-сазды ревюге жалғасты. Салтанатты мерейтойлық мәдени шараны М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының әртісі Бауыржан Манжігітов «Адамзаттың Абайы» атты  әдеби-сазды композициямен ашып берді.



Бұл  салтанатты мәдени іс-шараға арнайы: Алмалы ауданы Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Жақсылық Нұртазинұлы Әмірханов, ҚР дипломатиялық қызмет ардагері Қайыр Рақметжанұлы Омаров, профессор, филология ғылымдарының докторы Руда Зайкенқызы Зайкенова, Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих  және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих  ғылымдарының докторы Гулбану Жүгенбаева, Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера театрының көрнекті әншісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Талғат Күзембаев, Қазақстан  Қарулы Күштерінің ардагері, құқықтық ғылымдар магистрі Мұхамеджан Тоқтағұл, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының  ғылыми қызметкері Нұржұма Елесбай шақырылды. Алмалы ауданы Ардагерлер Кеңесі мен «Ардагер» клубының мүшелері.
 


Алматы полиграфия колледжінің, Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледжінің студенттері мен ұстаздары, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектебінің оқушылары мен ұстаздары, №67 жалпы білім беретін орта мектептің оқушылары мен ұстаздары қатысты.



Абай - қазақ халқының рухани қазынасына баға жетпес үлес қосқан көрнекті тұлға ғана емес, сонымен қатар әлемдік ойшылдар қатарынан таңғажайып адам. Қазіргі таңда  жас ұрпақ Абай өлеңін оқып қана қоймай, оны жүрекпен  сезіну керек! Іс-шара Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен Ардагерлер Кеңесімен ұйымдастырылды.
30.01.2020