2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.01.2020

Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаевтың тұрғындармен екінші есеп беру кездесуі С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Concordia» студенттік театрының залында өтті


«Concordia» залында аудан әкімі Бекқали Торғаевтың тұрғындармен есептік кездесуі өтті. Кездесуге қалалық басқармалардың, аудан қызметтерінің басшылары, аудан әкімі, жергілікті өзін-өзі басқару комитеті төрағалары және аудан тұрғындары қатысты. Әкімнің есеп беру кездесулері Президенттің  «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»  тұжырымдамасын іске асыру аясында өтуде. 





Кездесу барысында Бекқали Нұрғалиұлы жиналғандарға 2019 жылы тұрғындармен көтерілген бірқатар мәселелерді айтып, сондай – ақ аудан басшысының алдына қойылған міндеттер шеңберінде 2020 жылға арналған аудан дамуының жоспарлары мен басым міндеттерін белгіледі, атап айтқанда - жолдарды жөндеу және тротуарлар салу, ПИК қызметі және тұрғын үй қорын басқарудың жаңа формасын құру-мүлік иелерінің бірлестігі, ауданды көгалдандыру және қоршаған ортаны абаттандыру, аудан саябақтарында иттерді серуендетуге арналған алаңдарды ұйымдастыру, сондай-ақ демалыс орындарында қоғамдық дәретханалардың болуын ұйымдастыру.





Барлық қойылған сұрақтарға аудан әкімі құзырлы және толық жауап берді, сонымен қатар тұрғындар көтерген мәселелер аудан басшылығының жеке бақылауына алынды.
Сонымен қатар, есептік кездесу басталғанға дейін бір сағат бұрын және оны өткізгеннен кейін «Concordia» залының холында аудан әкімі мен оның орынбасарларының, сондай-ақ аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды, бұл әрбір тұрғынға толғандыратын сұрақ қоюға қосымша мүмкіндік берді. 





Тұрғындардың ұсыныстарын, ескертулері мен пікірлерін жинау үшін кездесу өткен жоғарғы оқу орнының базасында арнайы жәшіктер орнатылды.
30.01.2020